Науан Досмағамбетов (20 қыркүйек 1932, Ащысай ауылы, Темір ауданы, Қазақ АКСР, РКФСР, КСРО — 28 желтоқсан 2005, Ақсу ауылы, Мұғалжар ауданы, Ақтөбе облысы) — Қазақ КСР Ақтөбе облысы Темір ауданы «Ақтөбе» кеңшарының аға шопаны. Социалистік еңбек ері (1966).

Өмірбаяны Ол 1932 жылы Темір ауданы, Ащысай ауылында шопандар әулетінде дүниеге келген. 1946 жылы жергілікті бастауыш мектептің төрт сыныбын бітірді. 1948 жылдан бастап — жергілікті қой шаруашылығы ұжымшарында аға шопанның көмекшісі болды. 1951 жылы Кеңес Әскері қатарына шақырылып, Башқұрт АКСР-інде әскери борышын өтеді. Әскерден кейін 1955 жылы Жұрын ауданына қарасты Ақсу ауылындағы (1963 жылдан бастап — Темір ауданы, кейін Мұғалжар ауданы) жер телімі бар «Ақтөбе» кеңшарында әкесінің отарын алды. 1958 жылы Бүкілодақтық ХШЖК көрмесіне қатысты.

Жыл сайын жоғары еңбек нәтижелерін көрсетті. 1961 жылы әр жүз саулықтан орта есеппен 100 қозы, 1962 жылы 110 қозы, одан кейінгі жылдары әр жүз саулықтан 120-дан кем емес қозы алды. 1964 жылы «Коммунистік ерен еңбек екпіндісі» құрметті атағы берілді. КСРО Жоғарғы Кеңесі төралқасының 1966 жылғы 22 наурыздағы Жарлығымен «мал шаруашылығын дамытуда, ет, сүт, жұмыртқа, жүн және басқа да өнімдерді өндіру мен дайындауды арттыруда қол жеткізген табыстары үшін» оған Ленин ордені мен «Орақ пен Балға» медалін табыстау арқылы Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. (№ 11245).

Содан соң ол жоғары жұмыс нәтижелерін көрсетуді жалғастырды. 1970-1980 жылдары Мәскеуде өткен Бүкілодақтық ХШЖК көрмесіне бірнеше рет қатысты.

1968 жылдан бастап КОКП мүшесі. 1967 жылы Ақтөбе облысы, Мұғалжар аудандық (1965-1967) халық депутаттары Кеңесінен депутат болып сайланды.

Зейнеткерлікке шыққаннан кейін Мұғалжар ауданы, Ақсу ауылында тұрды. 2005 жылы желтоқсанда қайтыс болып, жергілікті ауыл зиратында жерлендіДосмағамбетов Науан. «Герои страны» сайты..

Естелік Мұғалжар ауданының Ақсу ауылындағы көшеге оның есімі берілді.

Марапаттары Социалистік еңбек ері Ленин ордені Қазан төңкерісі ордені (08.04.1971) Еңбек Қызыл Туы ордені (19.02.1981) «Ерен еңбегі үшін» медалі (18.02.1964) ХШЖК екі алтын (20.03.1974; 23.04.1985), үш күміс (11.05.1983; 14.04.1987; 17.05.1989) және қола (10.04.1984) медал Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі төралқасының Құрмет грамотасы (22.06.1965) Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ауыл шаруашылығы қызметкері (19.03.1973)

Дереккөздер