Географиядан халықаралық олимпиада (iGeo) — географиядан ұлттық олимпиада үздіктері арасында жыл сайын өткізілетін халықаралық пәндік олимпиада. 16-19 жас аралығындағы қатысушыларға арналған жарыс.

Олимпиада үш бөлімнен тұрады: жазбаша тест, мультимедиялық тест және далалық кезең; оның форматы география бойынша көптеген ұлттық олимпиадаларға ұқсас. iGeo негізінен қатысушылардың кеңістік байланыстар мен үдерістерді түсіну, сондай-ақ іс жүзінде шаруашылықта қолдану дағдыларын тексереді. Олимпиаданы халықаралық география одағы ұйымдастырады. Олимпиаданың өтетін орнын әдетте бұл ұйым конгрестерімен немесе аймақтық конференцияларымен қатар жүреді.

Қазақстанның қатысуы Қазақстан бұл олимпиадаға тұрақты түрде 2012 жылдан бері қатысып келеді.https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/601777

Қазақстан құрамасы 2024 жылы 4 медаль еншіледі:https://egemen.kz/article/370921-irlandiyada-qazaqstan-oqushylary-4-medal-dgenhip-aldy

Күміс медаль - Болат Ақжол, Талдыкорған қаласындағы ФМБ НЗМ 11-сынып оқушысы. Қола медаль - Сыдықов Арсен, Шымкент қаласындағы ХББ НЗМ 11-сынып оқушысы. Қола медаль - Серікбай Қанат, Шымкент қаласындағы ХББ НЗМ 11-сынып оқушысы. Қола медаль - Жомарт Сабыр, Жамбыл облысындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы.

Тарихы 1994 жылы Прагадағы Халықаралық географиялық одақтың конгресінде Польша мен Нидерланды өкілдері 15 пен 19 жас аралығындағы оқушыларға арналған халықаралық олимпиада құру идеясын ұсынды. Мұндай олимпиада алғаш рет 1996 жылы Гаагада бес елдің қатысуымен өтті, олардың әрқайсысынан 3 адам додаға түсті. Әрі қарай олимпиада екі жылда бір рет өткізіліп, қатысушылар саны үнемі артып отырды. 2010 жылы Тайбэйде ол алғаш рет 100 адамнан асты, сонымен қатар 2012 жылдан бастап олимпиадалар жыл сайын өткізіледі деген шешім қабылданды. IGeo жетістігі көптеген аймақтық географиялық олимпиадаларға әкелді:

Географиядан Еуропа олимпиадасы (EGeO) Географиядан Азия-Тынық мұхиты олимпиадасы (APRGO) Географиядан Орталық Еуропа олимпиадасы (CERIGEO) Географиядан Балтық олимпиадасы (Baltic igeo)

Олимпиаданың мақсаты Географиядан халықаралық олимпиаданың мақсаттары:

Географияны дамытуға ықпал ету. Әртүрлі елдердің жастары арасындағы өзара түсіністікті ынталандыру. Бүкіл әлемде географияны оқыту сапасын арттыруды ынталандыру.

Қатысушы елдер

Тайвань

Дереккөздер

Сілтемелер Олимпиада сайты Халықаралық географиялық одақ

Санат:Пәндік олимпиадалар Санат:Халықаралық оқушылар олимпиадалары