Дамир Қайратұлы Марат (5 қараша 2000, , Алматы облысы) — қазақ футболшысы, "Оқжетпес" клубының жартылай қорғаушысы. Қазақстан жастар құрамасында ойнаған.
Карьерасы Алматы футболының түлегі. 2017 жылы "Рузаевка" клубы сапында кәсіби карьерасын бастады. 2019 жылы "Алтай" сапына ауысты.
Кейінгі жылдары "Екібастұз", "Ақсу", "Каспий" клубтарында ойнады. 2022 жылы "Ақсу" сапында Қазақстан премьер лигасында доп тепті. Сол жылы Қазақстан жастар құрамасына шақыртылды да, 4 маусымда Данияға қарсы ойында алаңға шықты.
2025 жылы "Оқжетпеске" ауысып, команданың жетекші ойыншыларының біріне айналды. Көп ұзамай ұлттық құрамаға шақырту алды.
Жетістіктері Каспий
Қазақстан бірінші лигасының қола жүлдегері: 2024
Дереккөздер
Сілтемелер
Статистикасы
Санат:Қазақстан футболшылары Санат:Рузаевка ФК ойыншылары Санат:Екібастұз-2003 ФК ойыншылары Санат:Каспий ФК ойыншылары Санат:Оқжетпес ФК ойыншылары