Ескендір Жүсіпұлы Айсариев (28 наурыз 1976, Алматы) — қазақстандық дипломат және І сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл. 2024 жылдан бастап қызметтегі Албаниядағы Төтенше және Өкілетті Елші
Өмірбаяны 1976 жылы 28 наурызда Алматыда дүниеге келді.
1998 жылы Алматы мемлекеттік университетін “халықаралық қатынастар” мамандығы бойынша тәмамдағаннан кейін 2015 жылға дейін Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде еңбектенді.
2015—2019 жылдары Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол қызметі басшысының орынбасары;
2019—2023 жылдары Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол қызметінің басшысы;
2023—2024 жылдары Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі болып қызмет етті.
Лауазымынан босатылған күні-ақ Албаниядағы Төтенше және Өкілетті Елші болып тағайындалды.
Марапаттары мен атақтары І сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл (2019); Ерен еңбегі үшін медалі (2022).
Дереккөздер
Санат:Қазақстанның Албаниядағы елшілері Санат:Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті түлектері