нобай| Қырым татарларының халық әні «Ay tek şatır». Қырым татарларының музыкасы — қырымтатар халқының музыкалық фольклоры, ол 990 жылы ұлттық кәсіби музыкалық мәдениеттің қалыптасуына негіз болғанКрымскотатарская музыка // Музыкалық энциклопедиялық сөздік / Гл. ред. Г. В. Келдыш. — М.: Советская энциклопедия, 1990. — С. 280—281. — 672 с. — 150 000 экз. — ISBN 5-85270-033-9.. Қырымтатар музыкасы терең тарихи тамырларға ие және өз бастауын Қырым хандығы дәуірінен алады. Фольклор Қырымтатарлардың музыкалық фольклоры — түркі тілдес халықтардың мәдениетіндегі өзіндік дара сала. Ол ән жанрларын, халықтық және классикалық аспаптық музыка түрлерін, сондай-ақ діни бағыттағы музыканы қамтиды.

Қырымтатар әндері бірнеше жанрға бөлінеді. Олардың бірқатары далалық өңірлерге тән (қырымтатар тілінің далалық диалектісі), басқалары — таулы және оңтүстік жағалаудағы аймақтарға тән (орта және оңтүстік жағалық диалектілер). Әндер, әдетте, бір дауыста орындалады, алайда үлкен топпен орындалған жағдайда немесе аспаптық сүйемелдеумен бірге гетерофониялық белгілер байқалады. Ерте кезеңдегі әуендердің диапазоны бір октавадан аспайды, ал кейінгі кезеңдегі әуендер екі октаваға дейін жетеді. Әдетте ән басталмас бұрын әуеннің сипатына сай келетін аспаптық кіріспе орындалады. Әндердің ладтық негізі — диатоникалық. Далалық өңірлердегі әндер аскеттік сипатқа ие болса, таулы және жағалаулық аймақтардағы әндер — эмоциялық жағынан бай, мәнерлі болып келеді:

Қырымтатар музыкасының негізгі ән жанрлары: Йир — далалық өңірлерге тән, аскетикалық сипаттағы әндер. Түркю — таулы және оңтүстік жағалаулық өңірлерге тән әндер. Олар әртүрлілігімен, күрделі құрылымымен, әуендік ою-өрнектерімен және ырғақтық ерекшеліктерімен ерекшеленеді. Дестан — қара сөз бен музыкалық үзінділердің алмасуына негізделген эпикалық баяндау. Бұл жанрдағы шығармаларды ашықлар (ашуғлар) орындайды. Тақмақ — қысқа, жылдам айтылатын, шешендік сипаттағы ән. Бейит — Қырымның далалық аймақтарында (мысалы, ноғай бейиттері) таралған, сатиралық не әзіл-оспақ сипаттағы речитатив түріндегі ән. Чин — экспромт сипатындағы ән, қазақтың «жар-жар» немесе «айтыс» түрлеріне ұқсайды. Әуені қысқа (8 такт), диапазоны шағын, темпі — баяу немесе орташа. Әдетте жастар арасында жеке не топтық музыкалық сайыстарда орындалады. Мане — жағалық және таулы аймақтарда таралған, кеңінен дамыған лирикалық ән. Хормен орындалып, хоран (топтық би) түрінде биленеді. Макам — вокалды-аспаптық импровизациялық пьеса, сюита белгілеріне ие, жағалаулық және таулы өңірлерде кең таралған.

Қырымтатар халқының халық аспаптық музыкасы келесі жанрлармен ұсынылған: Той мерасими авалары — үйлену тойларында орындалатын аспаптық пьесалар. Ең кең таралған үлгі — циклдік формадағы «Таксим» (Кіріспе) мен «Пешраф» (Кіріспе әні). Таксим — скрипкада еркін түрде, бірақ нақты шыңдалған әуенмен жеке орындалады, ал басқа аспаптар оны тоникада сүйемелдейді. Пешраф — оған қарама-қарсы сипаттағы бөлім, ансамбльдің барлық мүшелерімен орташа немесе жылдам темпте орындалады. Долулар — үйлену тойында ансамбль толық құраммен орындайтын дастарқан басындағы аспаптық әуендер. Агыр авалар — баяу билер. Хайтармалар (хайтарма) — жылдам билер. Чешит оюн авалары — әртүрлі билік әуендер (шеңбер билері, бақташы әуендері және т.б.). Кьонушма ве эглендже авалары — көңіл көтеруге арналған әуендер.

Қырымтатар халқының дәстүрлі музыкалық аспаптары: Үрмелі аспаптар: зурна, тулуп-зурна (волынка немесе дуда), кавал немесе хавал (ысқырықты сырнай). Ішекті аспаптар: сантр (цимбыл тектес), саз (ішекпен шертпелі), кеманче (ысқылы аспап). Ұрмалы аспаптар: давул (үлкен барабан), чубук давул (таяқшамен соғылатын үлкен барабан), даре-дойра, думбелек (қос литавр).

Қырымтатарлардың діни музыкасы Қырымтатарлардың діни музыкасы тек ән жанрларымен сипатталады, олар иляхи деп аталады. Бұл — жылаушылар, аскеттер, миссионерлер мен қажылар орындайтын, Жаратқанды мадақтайтын әндер.

Орындау сипатына қарай иляхилар екі түрге бөлінеді:

Иляхи тевхиды (араб тілінен — «Құдаймен бірігу») — унисонда, яғни хормен орындалады. Әнді бірнеше адам орындайды, қалғандары қайырма қайталап, немесе «гьу хай» деген ұрандармен сүйемелдейді. Бұл иляхидің ырғақтық құрылымының анықтығы мен бірқалыптылығын қамтамасыз етеді. Иляхи вакуфяи (араб тілінен — «Құдай алдындағы тұру» немесе «Тоқтап, Құдайға бет бұру») — жеке дауыспен (соло) орындалады. Өйткені мұнда әуендік ою-өрнек күрделі, метроритмикасы еркін келеді.

Стильдер, жанрлар және ерекшеліктер Қырымтатар музыкасының екі негізгі стилі – таулы және далалық стильдер – әртүрлі субэтностар арасында кеңінен тараған. Таулы және оңтүстік жағалаулық татарлар әндері (түркю) эмоциялық тұрғыдан бай, күрделі әуендік құрылымға және жарты тондар жүйесіне ие. Далалық мотивтер (йыр) қарапайым мелодиялық құрылысы және диатоникалық негізімен ерекшеленеді.

Ритмдік тұрғыдан алғанда, қырымтатар музыкасына тән 5, 7 және 9 бөлімді өлшемдерге 2 және 3 бөлімді ұяшықтар қосылады.

Әнші-сазгерлер мен орындаушылар: Таулы татарларда халық әндерінің авторлары мен орындаушылары ашик деп аталған. Далалық татарларда оларды кедаи деген.

Эпикалық жанрлар: Халықтық қырымтатар музыкасының эпикалық өкілдері – бейттер және дестан-поэмалар (мысалы, “Кёроғлу”, “Эдиге” және Асан Рефатов түрлендірген “Чора-батыр” музыкалық драмасы).

Тарихи жанрлар: XVIII ғасырдың соңынан басталған қырымтатарлардың мәжбүрлі қоныс аударылуы жаңа тарихи ән жанрларын – муаджир түркю және қоч авасы – дүниеге әкелді.

Быттық және лирикалық жанрлар: Қысқа әндік импровизациялар: Далалықтарда – шынъ немесе чыны, Таулы–жағалаулықтарда – мане. Лирикалық әндер (мақъам) өз алдына жанр.

Обрядтық және би әндері: обрядтық әндер және шеңберлі билерге (хоран) арналған әндер.

Аспаптық би музыкасы: жылдам би – қайтарма және баяу би – ағыс ава.

Дәстүрлі музыкалық аспаптар: Ұрмалы: давул (қараим тілінен – “үлкен барабан”), даре және думбелек (қос литавр – кірпіш тәрізді ыдыстардағы кернеулі теріден).

Үрмелі: зурна, тулуп-зурна, кавал (ысқырықты сырнайлар).

Ішекті: кеманча, саз, сантыр.

XIX ғасырдың аяғында аспаптық құрамға кларнет, труба, скрипка қосылды; одан кейін – электрогитара мен аккордеон. Дәстүрлі ансамбль (“давулджылар”): 2 зурна, 1 давул пен 1 дареден құралған. Камерлік ансамбль (“чал” немесе “кеманеджилер”): даре, сантыр, 1–2 скрипка, кларнет, труба (кейін аккордеон) құрамындағы топ.

Таралуы Қырымтатар халық әндерін алғаш рет жүйелеп, жариялай бастаған адам XX ғасырдың басында А. Олесницкий болды. Кейін бұл іспен А. К. Кончевский, М. И. Красев, А. Рефатов, Я. Шерфединов және И. Бахшиш айналысты. Халықтық әуендерді классикалық музыкада қолдану мысалдарына А. А. Спендиаровтың оркестрге арналған «Қырым эскиздері», Глинканың «Руслан мен Людмила» операсындағы Шығыс көріністері, Балакиревтің фортепианолық фантазиясы «Исламей» жатады.

Кәсіби музыка мәдениеті Қырымтатар музыкасының еуропалық мәдениетке кірігуі 1920-жылдардан басталды. Қырымтатар кәсіби композиторлық мектебінің негізін қалаушы ретінде Асан Рефатов (1920–1938) саналады. Ол — алғашқы қырымтатар операсы «Чора Батыр» мен қырымтатар халық әндерінің жинағының авторы. Өкінішке қарай, оның өмірі сталиндік қуғын-сүргін кезінде үзіліп қалды.

Кеңестік кезеңде Рефатовтың ісін жалғастырған композиторлар — Ибраһим Бахшиш (1912–2000) және Эмиль Налбандов (1926–1999). Олар Қырымнан күштеп көшіріліп, шығармашылық қызметін Тәжікстанда жалғастырды.

1990-жылдары КСРО-ның ыдырауымен бірге қырымтатарлар тарихи Отанына қайта орала бастады, бұл ұлттық мәдениеттің біртіндеп жаңғыруына ықпал етті.

1992 жылы Қырым филармониясына қырымтатар музыкасының «Хайтарма» ансамблі қайта оралды. Бұл ұзақ уақыт бойы қырымтатар мәдениетін кәсіби деңгейде сақтаған жалғыз шығармашылық ұжым болды.

Қырымға Мәрьям Халитова сынды композиторлар оралып, бірнеше симфониялық шығарма жазды. Қазіргі қырымтатар және украин музыкалық фольклорын заманауи тұрғыда өңдеген туындыларды Ремзи Рамазанов ұсынады.

Энвер Измайлов — джаз бағытының өзіндік стилін қалыптастырған орындаушы,

Джамала — қырымтатардың дәстүрлі және заманауи поп-музыкасын үндестіретін әнші,

Эді — альтернативті музыкалық бағытта жұмыс істейтін орындаушы.

Дереккөздер

Әдебиет Гуменюк О., Мамбетова Г. Кримськотатарська музика // Українська музична енциклопедія [укр.] / гол. редкол. Г. Скрипник. — Киев : Видавництво Інституту мистецтвознавства, фольклористики та етнології НАН України, 2008. — Т. 2. — 663 с. — ISBN 966-02-4099-6.

Санат:Қырым татар мәдениеті