Хильда Циммерман (; 12 қыркүйек 1920 жыл, Вена – 25 наурыз 2002 жыл, Вена) — аустриялық саяси активист, Аустрия қарсыласу қозғалысының мүшесі. Фашизмге қарсы әрекеті үшін қамауға алынған Циммерман анасы мен досымен бірге Равенсбрюк концлагеріне жіберілген еді. Циммерман бұл оқиғалардан аман қалды.

Циммерманның өзі құрған «Аустриялық Лагерь қоғамдастығы: Равенсбрюк пен Достар» ұйымының ақпаратынша, ол өзін «құрбан» емес, «қудаланған тұлға» ретінде қарастырған, «Равенсбрюктегі нацистер мен концлагерь түрмесі туралы [бүкіл халыққа], әсіресе жастарға, хабарлауды міндет көрді».

Ерте жылдары 1920 жылғы 12 қыркүйекте, Венада туған Циммерман Анна Вундзамның қыз баласы еді. Жастық кезінде Циммерман Отмар (Отти) есімді ағайындысымен бірге қаланың Кагран бөлігінде тәрбиеленген. 1934 жылға дейінгі Аустрия социал-демократиялық партиясының жеңістері себебінен қала «Қызыл Вена» делінетін. 1934 жылы мэр Карл Зейц тұтқынға алынды, билікке Отан майданы келді де, Циммерман ата-аналары қамауға түсті. Циммерман мен Отти осы себептен нацизмге қарсы қозғалыста белсенді болды.Hilde Zimmermann, Österreichische Lagergemeinschaft Ravensbrück & FreundInnen.

Екінші дүниежүзілік соғыс нобай|оңға|Равенсбрюк құрбандарының суреттері, Равенсбрюк мемориалдық орталығы

Аншлюстан кейін көп ұзамай Циммерманның бауыры Вермахт мүшесі атанды.

Осы кездері Циммерманның өзі Аустрия қарсыласу қозғалысының одан әрі белсенді мүшесі болып келді. 1944 жылға қарай ол Мәскеуден жергілікті анти-нацистік күш-жігерді кеңейтуге, соның ішінде қарсыласудың басқа мүшелерін жасырып, тасымалдауға көмектесу үшін жіберілген кеңестік десантшылармен серіктестікте болған. Сол жылы ол досы Паулин («Паули») Хохмайстермен бірге Зепп Цеттлерді жасырып жатты да, сатқындыққа тап болып, тұтқын болды. Циммерман, Хохмайстер мен олардың аналары Равенсбрюк концлагеріне жіберілді. Бухенвальд концлагеріне әскерден оралып, уақытша үйде болған бауыры Отмар жіберілді.

Тарихшы Элиза Майлэндер сөзінше, Циммерман кейін сұхбатта «әйел қараушылар еркектерге әсер етемін деп зорлық-зомбылық көрсететін» деді.

Соғыстан кейінгі өмірі Соғыстан кейін Циммерман сыпырушы, бала бағушы болып жұмыс істейтін. Ол, оған қоса, скульптор мен щкөзілдірік дизайнері еді.

Оның үстіне Циммерман «Аустриялық Лагерь қоғамдастығы: Равенсбрюк пен Достар» ұйымын құрған болатын, 1930–1940 жылдардағы Аустриядағы экономикалық және әлеуметтік жағдайды түсіндіру үшін мектеп-университеттерде сөз сөйлейтін.

1999 жылы Циммерман Бригитте Хальбмайерге бірнеше ұзақ сұхбат берген. Vom Leben und Überleben–Wege nach Ravensbrück (Өмірден Тірі қалуға—Равенсбрюкке апарар жолдар) атты бұл жоба Қақтығыстарды зерттеу институтының Равенсбрюк бейне мұрағатында жарияланды. Тина Ляйш кейін бұл сұхбат бейнелерін жинап, 2009 жылы жарық көрген Dagegen Muss Ich Etwas Tun: Portrait Der Widerstandskämpferin Hilde Zimmermann (Менің бұған қарсы бірнәрсе істегенім жөн: Қарсыласу күресшісі Хильда Циммерманның портреті) деректі фильмін жасады.

Өлімі Хильда Циммерман 2002 жылғы 25 наурызда, Венада қайтыс болды.

Ескертпелер

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Hilde Zimmermann (1920-1922) Вена, Аустрия: Österreichischen Lagergemeinschaft Ravensbrück & FreundInnen

Санат:Равенсбрюк концлагерінде аман қалғандар Санат:Аустрия қарсыласу қозғалысының мүшелері Санат:Аустрия социалистері