Кривой Рог қаласына жасалған зымыран соққысы — 2025 жылдың 4 сәуірінде Ресейдің Украинаға басып кіруі кезінде Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің Днепропетровск облысындағы ірі қала – Кривой Рогтің орталығындағы тығыз қоныстанған тұрғын үй шағын ауданына жасаған шабуылы. Шабуыл кешкі уақытта «Искандер-М» баллистикалық зымыранымен жасалды және тұрғын үйлер, балалар алаңы мен гүлзар маңындағы аумаққа тиді. Зымыран соққысынан кейін бірнеше сағаттан кейін қалаға ұшқышсыз ұшақтармен де соққы жасалды.
Салдарынан 9 баланы қоса алғанда 20 адам қаза тапты; 75 адам (12 баланы қоса алғанда) жарақат алды. БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Фолькер Тюрк бұл шабуылды басып кіру басталғаннан бері балалар үшін ең қауіпті шабуыл деп атады және шабуыл әскери қылмыс ретінде жіктелуі мүмкін екенін атап өтті.
Оқиға 2025 жылдың 4 сәуірінде жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 19:00-ге таяу Ресейден ұшырылған зымыран Кривой Рог қаласындағы тұрғын үйлер ауданында жарылды. 18 адам қаза тапты. Жарылыс эпицентрінде көпқабатты үйлер, жеке сектор, мейрамхана, балалар алаңы және автотұрақ болды. Соққы жасалған жерде бірде-бір әскери нысан болған жоқ.
Украинаның Мемлекеттік төтенше жағдайлар қызметінің (МТЖҚ) мәліметтері бойынша, шабуыл салдарынан бес ғимарат қирады, қоғамдық инфрақұрылымға, автомобильдерге, білім беру мекемесіне айтарлықтай нұқсан келтірілді.
Түн ортасына таяу қалаға ұшқышсыз ұшу аппараттарымен қосымша шабуыл жасалды. Шабуыл салдарынан өрттер шығып, рельстер мен контактілік желі зақымдалды. Жеке үйдегі өрттен 56 жастағы әйел қаза тапты; 7 адам зардап шекті.
6 сәуірде жарақат алғандардың бірі қайтыс болды, сөйтіп 4 сәуірдегі Кривой Рогке жасалған шабуылдан қаза тапқандардың жалпы саны 20-ға жетті.
16 сәуірде жергілікті билік тағы бір жарақат алған адамның қайтыс болғанын хабарлады.
Салдары thumb|Қаза тапқандардың денелері 20 адам қаза тапты, оның ішінде 9-ы балалар. 75 адам жарақат алды, соның ішінде 12 бала. Көптеген зардап шеккендер балалар алаңында болған. Облыс әкімшілігінің басшысы Сергей Лысактың мәліметтері бойынша, зардап шеккендердің жартысына жуығы ауруханаға жатқызылды, олардың 17-сі ауыр хәлде.
44 көпқабатты және 23 жеке үй, 8 білім беру және мәдениет мекемесі, 26 бизнес нысаны, әкімшілік ғимарат, балалар алаңы, ондаған автомобиль зақымдалды.
Реакция Украина 2025 жылғы 7–9 сәуір аралығында Кривой Рог қаласында үш күндік аза тұту жарияланды. Ал 6 сәуірде бүкіл Украина бойынша аза тұту күні болып белгіленді.
Украина Қарулы Күштері Бас штабының мәлімдемесінде бұл оқиға «циникалық қылмыс» ретінде бағаланды.
Ресей Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бейбіт тұрғындардың қазасына қатысты пікірінде Ресей әскері «тек әскери және әскери маңызы бар нысандарға соққы беретінін» және «әлеуметтік нысандар мен әлеуметтік инфрақұрылымға соққы жасамайтынын» мәлімдеді. Алайда журналистер зымыран тұрғын үй ауласына түскен мейрамхананың маңында әскери емес, бейбіт тұрғындардың іс-шарасы өтіп жатқанын анықтады.
Тағы қараңыз Сумы қаласына жасалған зымыран соққысы (13 сәуір, 2025)
Дереккөздер
Санат:Ресейдің Украинаға басып кіруі Санат:Ресейдің Украинаға басып кіруі кезіндегі зымыран соққылары Санат:Ресейдің Украинадағы әскери қылмыстары