Виталий Алексеевич Брынкин (1 ақпан 1944, Зерноград, Ростов облысы, Ресей КФСР, КСРО) — кеңестік, қазақстандық және ресейлік саясаткер. Ленинск (қазіргі Байқоңыр) қаласы мен Торғай облысының бұрынғы әкімі.
Білімі 1968 жылы Азов — Қара теңіз ауыл шаруашылығын механизациялау институтын, 1983 жылы КОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясын, 2003 жылы Ресей Федерациясының Үкіметі жанындағы Халық шаруашылығы академиясын тәмамдаған. Мамандығы — инженер-механик, саясаттанушы.
Еңбек жолы 1960-1963 жж. - «Зерноградсельмаш» зауытының фрезеровщигі, Ростов обл. Зерноград қ.
1968-1969 жж. - Көкшетау облысы Октябрь аудандық СПТУ-130 оқытушысы, директордың орынбасары.
1969-1978 жж. - Целиноград облысы Красноармейск аудандық партия комитетінің екінші, бірінші хатшысы, Көкшетау облыстық партия комитетінің хатшысы, Қазақстан ЛКЖО ОК хатшысы.
1978-1979 жж. – ҚазКСР Ауыл шаруашылығы министрлігі Тәжірибелік және оқу шаруашылықтары бас өндірістік басқармасы бастығының орынбасары.
1979-1984 жж. - Торғай облыстық партия комитетінің Ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі бөлімінің меңгерушісі.
1984-1985 жж. – Торғай облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы.
1985-1987 жж. - Торғай облысы Жаңадала аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы.
1987-1989 жж. - Қызылорда облыстық партия комитетінің екінші хатшысы.
1989-1992 жж. – Қызылорда облыстық атқару комитетінің төрағасы.
1992-1994 жж. – Ленинск қаласының әкімі.
1994-1995 гг. – ҚР Президентінің Семей облысындағы өкілі.
1995 ж. – ҚР Президенті Әкімшілігінің ұйымдастыру бақылау басқармасы бастығының орынбасары.
1995-1997 жж. – Торғай облысының әкімі.
1997-1998 жж. – ҚР Дисциплиналық кеңесінің мемлекеттік инспекторы.
1998-2000 жж. – Павлодар облысы әкімінің орынбасары.
2000-2002 жж. – РФ Президентінің Бас аумақтық басқармасының кеңесшісі, Мәскеу қ.
2002-2003 жж. – РФ Есеп палатасының Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлардың бюджетін бақылау жөніндегі инспекция бастығының орынбасары, Мәскеу қ.
2003-2005 жж. – РФ Есеп палатасының Қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарға, гидрометеорологияға, картографияға және геодезияға федералдық бюджет шығындарын бақылау жөніндегі инспекция бастығы.
2005 ж. бастап – РФ Есеп палатасының Табиғат пайдалану мен агроөнеркәсіп кешеніне федералдық бюджет шығындарын бақылау бөлімі директорының орынбасары, Мәскеу қ.
Байқоңыр ғарыш айлағының Орталық ардагерлер кеңесінің төраға орынбасары. Мәскеу қаласында тұрады (2016 жылы).БРЫНКИН Виталий Алексеевич
Дереккөздер
Санат:1 ақпанда туғандар Санат:1944 жылы туғандар Санат:Ростов облысында туғандар Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері Санат:Ресей мемлекеттік қайраткерлері Санат:Байқоңыр әкімдері Санат:Семей облысының әкімдері