Всесвит (Укр.: Всесвіт) — әлемдік классика мен заманауи әдебиет туындыларының эксклюзивті аудармаларын басып шығаратын, әлемнің түкпір-түкпіріндегі мәдени, көркем, әлеуметтік және саяси өмірдің әртүрлі аспектілерін қамтитын украиндық мерзімді басылым. Всесвит украин тілінде Ғалам деген мағынаны білдіреді.
Всесвит ай сайынғы шығатын ең көне және ең танымал украин әдеби журналы. Оны 1925 жылы көрнекті украин жазушылары - Василий Эллан-Блакытный, Николай Хвилиовый және Александр Довженко құрған. 500-ден астам роман, 1000 өлең, әңгіме, пьеса, сондай-ақ жүзден астам елдің көрнекті жазушыларымен жүздеген очерктер, шолулар, сұхбаттар 84-тен астам әртүрлі тілдерден аударылып, Всесвитте жарияланған.
Аталмыш басылым белгілі украиндық аудармашы Микола Лукашты еске алуға арналған «Ars Translationis» беделді әдеби сыйлықты 1995 жылы құрған. Ол украин тіліндегі ең жақсы әдеби аудармашыларға тұрақты түрде тағайындалатын марапаттама.
Всесвит көбінесе украин аудармаларында жаһандық жазбаның ең жақсысын бірінші болып енгізді. Кеңес Одағында өмір сүріп жатқан бірқатар ұрпақ үшін журнал «сыртқы әлеммен» тұрақты байланыс жасауға мүмкіндік болды. Всесвит сонымен қатар Украинада және шетелде танымал украин аудармашылары мен ғалымдарының мектебін қалыптастырды.
Сыртқы сілтемелер Всесвит журналының ресми сайтыl
Санат:Украина журналдары