After Hours — канадалық әнші The Weeknd-тің төртінші студиялық альбомы, 2020 жылғы 20 наурызда жарық көрді. Альбом атауы 2020 жылғы 13 ақпанда жарияланды. 2019 жылдың қарашасынан 2020 жылдың тамызына дейін альбомнан төрт сингл шықты: «Heartless», «Blinding Lights», «In Your Eyes» және «Save Your Tears». Бұл The Weeknd-тің 2016 жылы шыққан Starboy альбомынан кейінгі алғашқы студиялық альбомы және 2018 жылы жарық көрген мини-LP My Dear Melancholy, туындысынан кейінгі келесі жобасы. Альбомда шақырылған әртістер жоқ екені ерекше назар аудартады.
Тарихы Канадалық әнші The Weeknd өзінің жаңа альбомы туралы алғаш рет 2018 жылы қарашада айтқан. Ол концерт барысында: «VI тарау — жақында» деп мәлімдеген. 2019 жылдың 12 қаңтарында Тесфайе альбомның бағыты туралы: «Енді күндіз тыңдайтын музыка болмайды» деп жазды. 2019 жылдың 6 тамызында ол жаңа альбоммен жұмысын жалғастырып жатқанын хабарлады. 2019 жылдың 24 қарашасында «Blinding Lights» әні Mercedes-Benz жарнамасында пайда болды. 2019 жылдың 27 қарашасында Beats 1 радиосында «Heartless» әнінің премьерасы өтті. 2020 жылдың 13 ақпанында Тесфайе жаңа альбом атауын жариялады — After Hours.
2020 жылдың 20 наурызында ол ресми түрде After Hours альбомын шығарды. Бұл альбомға 14 ән кірді. 30 наурызда оған тағы үш трек қосылды: «Nothing Compares», «Missed You» және «Final Lullaby».
Көркем безендірілуі Альбомның шығармашылық бағытын La Mar C. Taylor басқарды.
Шығару және ілгерілету
Жанды орындаулар 2019 жылғы 5 желтоқсанда The Weeknd «Heartless» синглін алғаш рет «Стивен Кольбермен кеш шоуы» бағдарламасында орындады. Келесі күні «Blinding Lights» әні дәл сол бағдарламада алғаш рет орындалды. Екі қойылым да көрермендер мен сыншылар тарапынан жоғары бағаға ие болды және Майкл Джексон мен Принстің алғашқы қойылымдарымен салыстырылды. 2020 жылғы 22 қаңтарда «Джимми Киммел тікелей эфирде» бағдарламасында «Blinding Lights» композициясы орындалды. Эйбел Тесфайенің бұл қойылымы осы әнге арналған бейнебаяннан шабыт алып қойылған болатын.
The Weeknd 2020 жылғы 7 наурызда Saturday Night Live бағдарламасының 45-маусымының шығарылымында музыкалық қонақ ретінде қатысып, «Scared To Live» әнін алғаш рет орындады, сондай-ақ «Blinding Lights» синглін ұсынды.
2020 жылғы 30 тамызда MTV VMAs 2020 рәсімінде The Weeknd «Blinding Lights» әнін орындап, көрермендерді таңғалдырды. Ол Нью-Йорктегі Hudson Yards кешенінің 335 метрлік биіктікте орналасқан бақылау алаңында өнер көрсетті.
2020 жылғы 25 қыркүйекте The Weeknd Time100 тікелей эфирінде алғаш рет өнер көрсетіп, Кенни Джимен бірге «In Your Eyes» әнін және «Blinding Lights» синглін орындады.
2020 жылғы 23 қарашада AMAs 2020 салтанатында The Weeknd Кенни Джимен бірге «Save Your Tears» және «In Your Eyes» композицияларын орындады. Бұл қойылымда ол бос жолда ән айтып, жүгіріп, билеп, айналасында отшашулар жарқырап тұрды.
2020 жылғы 25 қарашада Vevo алаңында The Weeknd бұрын-соңды тікелей эфирде орындамаған «Faith» әнін және Кенни Джимен бірге «In Your Eyes» композициясын ұсынды.
2020 жылғы 10 желтоқсанда ол iHeartRadio Jingle Ball Live концертінде өнер көрсетті. Концертке Билли Айлиш, Сэм Смит, Дуа Липа сынды танымал әртістер де қатысты. The Weeknd бұл кеште «In Your Eyes», «Blinding Lights» және «Save Your Tears» композицияларын орындады.
Синглдер 2019 жылдың 27 қарашасында альбомның алғашқы синглы, «Heartless», сандық платформаларда және стримингтік сервистерде жарық көрді. Әннің продюсері - американдық Metro Boomin. «Heartless» Billboard Hot 100 чартында бірінші орынға көтеріліп, The Weeknd үшін осы чарттағы төртінші, ал Metro Boomin продюсерлігімен шыққан екінші сингл болды. Әнге түсірілген бейнебаян 2019 жылдың 2 желтоқсанында жарияланды.
Тизер 2020 жылдың 13 ақпанында The Weeknd 48 секундтық тизер жариялап, альбомның атауын ресми түрде хабарлады. Журналистер бұл тизердің 2019 жылы жарық көрген «Өңделмеген асыл тастар» фильміндегі сандық өңдеулерге ұқсастығын атап өтті. Бұл фильмде Абель Тесфайе камео рөлінде көрінген болатын. Тизердің визуалды эффектілері альбомның алғашқы екі синглына түсірілген музыкалық бейнеклиптердегі графикалық элементтермен үндес болды.
Коммерциялық табысы Альбомның ресми шығуына дейін де After Hours коммерциялық жетістікке жете бастады. 2020 жылдың 27 ақпанына дейінгі чарт кезеңінде ол АҚШ-тағы Rolling Stone Top 200 хит-парадында 10-орынға көтеріліп, 36 000 альбомға теңестірілген бірлік жинады. 2020 жылдың 19 наурызында After Hours Apple Music тарихындағы ең көп алдын-ала тапсырыс берілген альбом атанды, 1,02 миллионнан астам қолданушы оны өздерінің музыка кітапханаларына қосқан.
Альбом Billboard 200 хит-парадында бірінші орынға ие болды, 444 000 альбомға теңестірілген бірлік жинап, оның ішінде 275 000 таза сатылымнан құралды. Бұл The Weeknd үшін төртінші чарттың шыңына шыққан альбомы болып табылады және 2020 жылы ең жоғары сатылым көрсеткен алғашқы апта болды. Сонымен қатар, альбомдағы барлық 14 ән Billboard Hot 100 чартына енді, оның ішінде он ән Top-40 ішінде, ал «Blinding Lights» бірінші орынға жайғасты.
Альбом Ұлыбританияның ресми альбомдар чартында 26 000 бірлік сатылыммен бірінші орынға ие болып, The Weeknd үшін елдегі екінші көшбасшы альбом болды. Канадада After Hours 54 000 альбомға теңестірілген бірлік жинап, Канаданың альбомдар чартында бірінші орын алды.
Әндер тізімі Ақпарат Apple Music, Tidal және Spotify сайттарынан алынды.
Ескертулер қосымша продюсер қосымша өңдеу
Дереккөздер