«Sakura» — "Ikimonogakari" атты жапондық топтың алғашқы синглі. Бұл ән жеке шығарылып, топтың 2007 жылы шыққан тұңғыш альбомында алғашқы композиция ретінде де жарияланды.
Ән орташа темптегі поп-баллада болып келеді. Сүйемелінде пианино, барабандар, акустикалық гитара және басқа да ішекті аспаптар ойнайды.
Әнші сакура ағашының өз гүлдерінен біртіндеп айырыла бастағанын бойындағы тұңғиық сезімдеріне теңеп, ностальгиялық көңіл-күйден шыға алмайтынын жеткізеді.
Топтың гитарисі Ёшики Мизуно әнді толығымен жазып бітіргенше оның 30 нұсқасын дайындап шығарған екен.
Чарттар Чарт аты және жылыПикOricon (2006)17Billboard Japan Hot 100 (2016)41
Дереккөздер
Сілтемелер
Санат:Ikimonogakari әндері