Нәлқожа Ақбалаұлы Ергешбаев (1 наурыз 1931, Жаңақорған ауданы, Бірлік ауылы – 9 желтоқсан 1997, Қызылорда) — партия және шаруашылық қызметкері. Қазақ ауыл шаруашылық институтын (1954), СОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебін бітірген. 1954–1961 жылдары Арал, Тереңөзек (қазіргі Сырдария) ауданында инженер-механик, Шаған МТС-інде инженер-механик, бас инженер, директор, Тереңөзек ауданы «Қазақ ауыл шаруашылық техникасы бірлестігінің» бастығы, 1974 жылы Тереңөзек ауаткомының төрағасы, 1975–1985 жылдары осы аудан, 1985–1992 жылдары Сырдария ауданы парткомының 1-хатшысы. 2 мәрте Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған. «Күріш өндіруді мамандандыру және шоғырландыру» атты кітап жазған.
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Нәлқожа Ақбалаұлы Ергешбаев · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.