Қаракүнгей – Қайрақкөл тауларының батысындағы тау сілемі.

Географиялық орны Жетісу облысы Ақсу ауданы Арасан ауылының солтүстігінде 2 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 1274 м. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 18 км-ге созылған, енді жері 11 км. Солтүстік беткейі тіктеу, оңтүстік жайпақталып жазыққа ұласады. Бүйен және Ақсу өзендерінің суайрығында жатыр. Оңтүстік-шығыс бөлігіндегі таудың түпкі жыныстары жалаңаштанған. Тік құламалы құздың бойында Гасфорд асуы өтеді.

Геологиялық құрылымы Ортаңғы және төменгі девон кезеңдерінің шөгінділерінен түзілген.

Өсімдігі Таудың қоңыр топырағында сирек дала өсімдіктерімен бірге, тал, терек, т.б. бұталы ағаштар өседі.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Ақсу ауданы таулары Санат:Жетісу Алатауы