Жаңа Орлеандағы теракт () — 2025 жылғы 1 қаңтарда АҚШ-тың орталық уақыты бойынша шамамен 3:15-те Луизиана штатының Жаңа Орлеан қаласындағы Бурбон мен Канал-стрит көшелерінің қиылысында пикап көлігі адамдарға соқтығысты. Көлік жүргізушісі машинадан шығып, мылтықтан оқ жаудырды. Оны полиция қызметкерлері тоқтатып, атып өлтірді. Оқиға Жаңа жылды тойлау кезінде орын алды. Қайғылы оқиға салдарынан 15 адам қаза тауып, шамамен 36 адам, соның ішінде екі полиция қызметкері жарақат алды.https://www.golosameriki.com/a/dead-30-injured-after-car-plows-into-a-crowd-in-new-orleans/7920886.html

Алғышарттар Федералды құқық қорғау және барлау органдары мерекелер алдында көлікпен жасалатын таранымен шабуылдардың болуы мүмкін екені туралы жергілікті полиция қызметтерін ескерткен. 2017 жылғы қызметтік жазбада қалалық билік Француз кварталында орын алған шабуыл сияқты, көліктермен жасалатын шабуылдар нәтижесінде жаппай құрбандар болуы мүмкін екенін атап өтті және бұл аймақта қауіпсіздік шараларын күшейту үшін қосымша бағдарламалар құруды жоспарлады.

Барысы Бурбон көшесіндегі баррикадаларды жүк көлігімен айналып өтіп, Канал-стрит пен Конти көшелері арасындағы үш кварталдағы жаяу жүргіншілерге соқтығысқаннан кейін, 42 жастағы Шамсуд-Дин Бахар Джаббар көліктен шығып, кранмен соқтығысып, оқ атып, Нью-Орлеан полициясының екі қызметкерін жарақаттады, полицейлер қарсы оқ атып жауап берді. Куәгерлердің айтуынша, шабуылдаушының үстінде әскери киім болған. Офицерлер күдіктіні атыс кезінде өлтірді.

Шабуыл кезінде қолданылған ақ Ford F-150 Lightning автокөлігі Turo қосымшасы арқылы жалға алынған. Көлік 42 жастағы Хьюстон тұрғыны Джаббарға тиесілі болған, ол көлікте Ислам мемлекетінің туын алып жүрген.

Кемінде 15 адам, соның ішінде қылмыскер, қаза тауып, тағы 36 адам жарақат алды. Жедел жәрдем қызметкерлері 30 жарақат алған адамды бес аудандық ауруханаға жеткізді, қалған зардап шеккендер медициналық көмекке өздері жүгінді.

Күдікті thumb|Шамсуд-Дин Бахар Джаббар ФБР жүк көлігінің жүргізушісін 42 жастағы АҚШ азаматы Шамсуд-Дин Бахар Жаббар ретінде анықтады. Ол Техас штатында туып-өскен. Бұған дейін ол бірнеше жыл бойы АҚШ армиясында қызмет еткен. Сонымен қатар, ол екі ұсақ қылмыс бойынша айыпталған. 2002 жылы ұрлық үшін, ал 2005 жылы жарамсыз жүргізуші куәлігімен көлік жүргізгені үшін тұтқындалған.

Тергеу Шабуылдан кейін тергеушілер көліктен қару мен екі бомба тапты. Құрылғылар қашықтан басқару пульті арқылы іске қосылатындай етіп дайындалған, ал пульт жүк көлігінен табылған. Тергеу барысында күдіктінің шетелдік террористік ұйыммен байланысы бар-жоғы немесе сол ұйымнан шабыт алған-алмағаны анықталуда.

Шабуыл болған күні Сен-Рош ауданында Airbnb арқылы жалға берілген пәтерде өрт орын алды. Тергеушілердің болжамынша, бұл пәтерді күдікті жалдаған болуы мүмкін.

Сол күні Лас-Вегастағы Трамп қонақүйі жанында Tesla Cybertruck көлігі жарылып, жеті адам жарақат алды. Жарылған көлік те, Жаңа Орлеандағы шабуыл кезінде пайдаланылған көлік те бірдей каршеринг қызметі арқылы жалға алынған. Сондай-ақ, екі жүргізушінің де әскери қызметте болғаны анықталды. Аталған қылмыстар бойынша тергеу бірлесіп жүргізілуде.

Дереккөздер

Санат:Автокөліктерді пайдалану арқылы жасалған террористік актілер Санат:2025 жылдағы АҚШ Санат:2025 жылғы апаттар