Каир конференциясы — 1943 жылы АҚШ президенті Франклин Рузвельт, Ұлыбритания премьер-министрі Уинстон Черчилль және Қытай Республикасының президенті Чан Кайшидің қатысуымен өткен ағылшын-американ-қытай кездесуі. Әскери және дипломатиялық кеңесшілердің қатысуымен конференция қараша айының соңында, Тегеран конференциясының алдында, Каирде өтті. Жиын АҚШ елшісі Александр Кирктің резиденциясында ұйымдастырылды.

1943 жылғы 1 желтоқсанда Каирде жарияланған ресми коммюнике бұл мемлекеттердің әскери миссиялары Жапонияға қарсы болашақ әскери операциялар туралы келісімге келгенін және бұл операциялардың оның капитуляциясын қамтамасыз етуі тиіс екенін көрсетті.

Әскери жоспарларды әзірлеумен қатар, конференция Рузвельттің айтуынша, «Келешек ұрпаққа Қиыр Шығыста бейбітшілікті қамтамасыз етуі тиіс» кейбір саяси қағидаттарды да талқылады.

Нәтиже Конференция барысында келісілген нақты шешімдер қабылданған жоқ.

Дереккөздер

Сілтемелер United States Department of State Foreign relations of the United States diplomatic papers, The Conferences at Cairo and Tehran, 1943 The Cairo Conference, 1943

Санат:Халықаралық қатынастар Санат:Екінші дүниежүзілік соғыс