Хамаға шабуыл (2024) — Азаматтық соғыс кезінде Сирияның солтүстік-батысында болған шабуыл аясында оппозициялық күштердің Хама қаласына жасаған шабуылы.
Барысы Қараша 30 қараша: Көтерілісшілер бірнеше қалаларды басып алды, оның ішінде Тайбат әл-Имам, Кафр-Зита, Латамнех және Мөрек бар.
Шабуыл нәтижесінде сириялық оппозиция күштері тез арада Хаманың шетіне жақындады. Үкіметтік әскерлер қаладан, сондай-ақ қала маңындағы авиабазадан шегіне бастады.
Желтоқсан 1 желтоқсан: Желіде расталмаған сурет пайда болды, онда көтерілісшілердің Хама қаласындағы әл-Арбаин ауданын басып алғаны көрінеді. «әл-Жазира телеарнасы» көтерілісшілердің Хама қаласына кіргені туралы хабарлады. Кейінірек үкіметтің көтерілісшілердің шабуылын тоқтату үшін көмек жібергені туралы хабарлар пайда болды.
Үкімет әскерлерінің контршабуылының нәтижесінде үкімет бақылауына территорияның бір бөлігі қайтарылып, оппозициялық күштердің шабуылы тоқтатылды. РФ ӘӘК үкімет әскерлеріне қолдау көрсетіп, көтерілісшілердің позицияларына соққылар жасады. Үкімет әскерлері Хаманың солтүстігінде қорғаныс шебін құрды.
2 желтоқсан: Сириялық оппозиция күштері дронмен Хаманың солтүстігіндегі Зайн әл-Абидин тауы маңында үкімет әскерлерінің әскери басшылары жиналған орынға соққы берді. Шабуылдың салдарынан көптеген әскери қызметкерлер қаза тауып, жарақат алды. Түске дейін Хама провинциясындағы оппозиция мен үкіметке жақын күштер арасындағы қақтығыстар күшейді, әсіресе Карназ және Суран қалалары маңында. Хама провинциясының шығыс бөлігінде оппозиция күштері алға жылжып, Каср-Абу-Самра қаласын басып алды. Кешке қарай оппозиция Хаманың маңындағы әл-Джубайн, Тель-Малах, Джаламах, әл-Джубайн, Брейдей, Карназ және әл-Каркат ауылдарын бақылауына алды. Қала ішінде үкімет әскерлерімен қиян-кескі ұрыстар жалғасуда.
5 желтоқсан: Үкіметке қарсы оппозиция күштері Хамаға кірді, содан кейін Сирия армиясының бөлімшелері қаладан кетіп қалды.
Тағы қараңыз
Сирияның оңтүстігіндегі шабуыл (2024)
Дереккөздер
Санат:Сирия тарихы Санат:2024 жылдағы Сирия Санат:2024 жылғы қақтығыстар Санат:Сириядағы азаматтық соғыс