Бақсай – Ырғыз алабындағы өзен.

Географиялық орны Ақтөбе облысының Хромтау және Әйтеке би аудандары арқылы ағады.

Бастауы Жоса мен Шат өзендерінің қосылған жерінен бастап Бақсай деп аталады. Аралтөбе ауылынан оңтүстікке қарай 3 км жерде Ырғыз өзеніне құяды.

Гидрологиясы Ұзындығы 100 км (Жоса бастауынан), су жиналатын алабы 2060 км². Салалары: Ащысай, Жоса, Шат. Бақсай ағып өтетін жер бедері белесті, ал солтүстік-батыс бөлігі жазық, көптеген қысқа сайлармен тілімделген. Көктемде судың тұздылығы 0,4—0,85 г/л, жазда 2,0—3,0 г/л-ге дейін өседі. Суы мал суаруға, құс өсіруге, кейде ауыз суға да пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы, 2 том; Жауын- шашын, жер асты суымен қоректенеді. Жазда арнасы құрғап, қарасулар пайда болады. Жылдық орташа су шығыны 1 км2-ге шаққанда 0,25-0,50 л/сек. Бақсай суат ретінде пайдаланылады.Ақтөбе энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Әйтеке би ауданы өзендері Санат:Хромтау ауданы өзендері Санат:Ырғыз су алабы