Грузиядағы қарсылық шаралары (2024 жылдан) — 2024 жылы парламенттік сайлаудан кейін Грузиядағы наразылық сол жылдың 28 қазанында кешке Грузияның арманы жеңіске жеткен парламенттік сайлауды бұрмалау мүмкіндігіне байланысты басталды. Грузия президенті Саломе Зурабишвили мен оппозициялық партиялар сайлау нәтижелерін жүздеген бақылаушылардың анықтаған құқық бұзушылықтары мен дауыс берудің құпиялылығына қатысты сұрақтарға байланысты мойындамады. Тбилисимен қатар, наразылық акциялары Батуми, Кутаиси, Гори, Зугдиди және басқа да қалаларда өтті.
Орталық сайлау комиссиясы мен «Грузин арманы» кез келген бұрмалаушылықты жоққа шығаруда.
Барысы 2024 жылы қазанда Грузияда парламенттік сайлау өтті, онда Грузия арманы партиясы көпшілік дауысқа ие болды. Грузин оппозициясы мен президент бұған келіспеді және наразылық білдіруге шақырды. Қараша
Өткен парламенттік сайлаудың қорытынды хаттамасы бекітілгеннен кейін, 17 қарашада грузин оппозициясы митинг өткізіп, Тбилиси мемлекеттік университетінің жанындағы жолды жауып, шатырлар орнатты. Руставели даңғылында «Дауысты қайтар» акциясы қатар өтіп жатты.
Ел астанасы Тбилисидің адам ең көп жүретін көшелерінің бірі жабылды. Шерушілер күн салқындағандықтан түні бойы от жағып, шатырда түнеді.
28 қарашада премьер-министр Ираклий Кобахидзе 2028 жылға дейін Еуроодаққа кіру жөніндегі келіссөздерді тоқтату туралы мәлімдеме жасады. Соның нәтижесінде 28-29 қарашада Тбилисиде қайтадан митингілер басталды. 30 қарашада кемінде 49 наразылық білдіруші ұсталып, 32 ІІМ қызметкері жарақат алды. Сондай-ақ наразылық білдірушілерді Грузияның қазіргі президенті мен бірқатар шенеуніктер қолдады.
Тбилисиде 29–30 қарашаға қараған түні ұсталған Ресей азаматы Арменияға депортацияланды. Тағы екі Ресей азаматы 10–13 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Желтоқсан
2 желтоқсан: Кемінде 224 наразылық білдіруші ұсталып, ІІМ-нің 113 қызметкері зардап шеккен.https://kyivindependent.comhttps//kyivindependent.comშსს: საპროტესტო აქციებზე დაკავებულია ჯამში 224 პირი
2025 жылғы 4 қазандағы ұсынылған революция 2025 жылғы 4 қазан күні, 2024–2025 жылдардағы Грузиядағы саяси дағдарыс жағдайында өткен жергілікті сайлау күні, шамамен жиырма мың адам Тбилисиде митинг өткізіп, опера әншісі Паата Бурчуладзенің мәлімдемесін тыңдады. Ол 2025 жылдың маусым–шілде айларынан бастап де-факто көшбасшы Бидзина Иванишвилиден билікті бейбіт жолмен беру идеясын ұсынып жүрген болатын. Мәлімдемеден кейін наразылар президент резиденциясы — Орбелиани сарайын басып алуға әрекет жасады, алайда қауіпсіздік күштері су атқыштар мен көз жасаурататын газ қолданып бұл әрекетті тоқтатты.
Келесі президенттік сайлау «Алғаш рет президенттік сайлауды тікелей дауыс беру арқылы емес, парламент депутаттары мен Аджария мен Абхазия Жоғарғы кеңестері мен жергілікті әкімшілік өкілдері құрған сайлаушылар алқасы өткізеді», - деді спикер Шалва Папуашвили.
Ол қазіргі президент Саломе Зурабишвилидің алты жылдық мандаты 16 желтоқсанда аяқталатынын, сондықтан Конституцияда белгіленген мерзімде сайлау өткізу керегін айтты.
Грузия парламенті президент сайлауын 14 желтоқсанға белгілегенін хабарлады.
Дереккөздер
Санат:2024 жылғы Грузия Санат:2024 жылғы наразылықтар Санат:Грузия тарихы Санат:Грузия саясаты