Төлек (; бастауы — Қашқасу) — Қырғызстандағы өзен, Нарын облысы, Қошқар ауданы жерінен ағып өтеді. Жуанарық өзенінің сол саласы.

Өзеннің ұзындығы — 43 км. Өзен алабының ауданы — 382 км². Орташа жылдық су шығыны — 2,09 м³/с. Маусым – шілде айларында суы мол, саба желтоқсан айында болады. Ағынның 62% бұлақтар, 20% мұздықтар, 14% қар береді.

Өзеннің бастауы Қызарт тауының баурайында, Төлек асуына жақын жерде басталады. Бүкіл ұзындығы бойынша дерлік ағыстың басым бағыты оңтүстік-шығыс, шығыс ал сағасына жақын жерде солтүстік-шығысқа бұрылады. Қарақұжырмен қосылып, Сарыбұлақ елді мекенінен солтүстік-батысқа қарай Жуанарық өзенін құрайды.

Дереккөздер

Санат:Қырғызстан өзендері Санат:Шу су алабы