«Мезёкёвешд» — Венгрияның Мезёкёвешд қаласында орналасқан кәсіби футбол клубы. Команданың түстері — сары және көк.

Тарихы Клуб 1975 жылы 31 қаңтарда құрылды.

Ол өзінің бүкіл тарихында төменгі дивизиондарда ойнады. 2012/13 маусымында Nemzeti Bajnokság II (Ұлттық чемпионаттың 2-ші дивизионы) жеңіп, тарихта алғаш рет жоғарғы дивизионда ойнау құқығын алды.

Стадионы

Мезёкёвешд футбол клубы үй ойындарын 4 183 орындық «Mezőkövesdi Városi» стадионында өткізеді. Бұл стадионда алғашқы ойын 2016 жылдың 5 маусымында ойналды.

Жетістіктері Nemzeti Bajnokság II: Жеңімпаз(1): 2012–13 2 орын (1): 2015–16 Magyar Kupa: Финалист (1): 2019–20

Санат:Мажарстан футбол клубтары Санат:1975 жылы құрылған футбол клубтары