Қазақстанның бірінші президенті (1991–2019) және Қауіпсіздік кеңесінің бірінші төрағасы (1991–2022) Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасы Ұлы жүздің шапырашты руынан шыққан. Назарбаев президенттігі кезіндегі жаппай непотизм және жемқорлық көмегінен оның жанұясы мен туыстары елде үлкен бедел мен байлыққа қол жеткізді. Кейде олар Назарбаевтар әулеті деп те аталды.

Толық Назарбаевтың президенттігі мен ізбасары Тоқаев билігінің бірінші жылдарында Назарбаевтар әулеті саяси тұрғыдан өте ықпалды болды. Қаңтар оқиғасынан кейін Назарбаевтар, соның ішінде Елбасы болмай қалған Нұрсұлтан Әбішұлының өзі, сонымен қатар олардың өзге де туыстары бірнеше лауазымдардан және атақтардан айырылды, алайда Азаттық радиосы әулеттің әлі де ықпалды екенін айтады.

2024 жылы Тимур, Динара Құлыбаевтар, Дариға, Нұрбол Назарбаевтар мен Нұрәлі Әлиев Қазақстандағы 75 ең ауқатты адамдар қатарына енді.

Өз отбасы Әйелдері Сара Назарбаева нобай|оңға|Сара мен Нұрсұлтан Назарбаевтар бейнеленген пошта маркасы, 2013 жыл

Сара Назарбаева, Нұрсұлтан Назарбаевтың тұңғыш және жалғыз ресми әйелі, 1941 жылғы 12 ақпанда, Қарағанды облысындағы Қызылжарда дүниеге келген. Ол арғын тайпасының қуандық руының Мұрат бөлімінен шыққан. 1962 жылғы 25 тамызда басталған некесіне дейін ол Қарағанды металлургия комбинатындағы металлург еді.

Назарбаев президенттігі кезінде Сара Алпысқызы «Бөбек» республикалық балалар қайырымдылық қорының президенті және ҚазМУ құрметті профессоры сияқты атақ-лауазымдарға және 1-дәрежелі Достық ордені, Достастық жұлдызы және басқа да кішігірім марапаттарға ие болды.

2023 жылы Сара Алпысқызының Назарбаев тегін туған тегіне ауыстырғаны жайлы хабарланды. Бұл өзгерісті оның жеке кәсіпкер есімінің ауысуы және жалпы жаңалықтарда жоқ болуы көрсетті, алайда Назарбаевтың ресми сайты ол әлі де оның жалғыз заңи жұбайы деп хабарлайды.

Гүлнар Рақышева Түрлі дереккөздерде, соның ішінде Азаттық радиосында және Рахат Әлиевтің кітабы Гүлнар Оразқызы Рақышеваның Нұрсұлтан Назарбаевтың екінші бейресми әйелі екені хабарланады және де бұл ақпаратты ресми түрде ешкім растамаған, жоққа шығармаған да.

Гүлнар Рақышева мен Назарбаевтың қатынасы жайлы тұңғыш рет өзінің «Өкіл қайын ата» кітабында Нұрсұлтан Әбішұлының күйеу баласы Рахат Әлиев баяндады. Бұрын стюардесса болған Рақышева Назарбаевпен қарым-қатынас бастағалы бұл қызметінен кетті де, көп ұзамай Air Astana вице-президенті болды. Сол уақытқа қарай Рақышева әкесінің де мансабы өсе кетті.

Гүлнар Рақышева 1970 жылғы 2 наурызда, Ресейдің Тула қаласында дүниеге келген. Сол жылдарға қарай оның әкесі Ораз Рақышев Ресейде әскери қызметін өтеп жатқан еді. 1981–1986 жылдары Рақышев Мажарстанға жіберілді де, қызы қаласындағы мектепте оқыды. Дәл қазір Гүлнар Оразқызы — 40 мекенжайда тіркелген «ФИРМА ШАРМ» компаниясының иесі. 2023 жылы бұл компания жыл сайынғы ақша айналымы 100 миллион теңгенің айналасында болды. Ол, оған қоса, — Sergio Group мен «Мой сервис» компаниялары тең құрылтайшыларының бірі және «Барыс» қайырымдылық қорының иесі. 2023 жылы Sergio Group компаниясының жыл сайынғы ақша түсімі 4–6 млрд теңге аралығында еді.

Рахат Әлиев, оған қоса, Рақышеваның Назарбаевтан туған екі қыз баласы бар және ол Испанияда тұрады деп хабарлаған. Алайда әлеуметтік желілерде оның бір есе Алматыда, басқа кезде Астанада тұратыны көрсетілген. 2023 жылы Рақышева Назарбаевпен қатынасын жоққа шығарғандай болды.

Әсел Құрманбаева Әсел Тілектесқызы Құрманбаева (туғанында Исабаева), Назарбаевтың үшінші бейресми әйелі және Сара Алпысқызынан басқа расталған жалғыз жолдасы, 1981 жылы Алматыда дүниеге келген. Оның әкесі — 20 жыл бойы Алматыдағы аграрлық университетті басқарып келе жатқан Тілектес Есполов. Хореограф мамандығына оқыған Исабаева бір кезде Мисс Қазақстан атанды.

2024 жылы Құрманбаеваның Дубайдың Palm Jumeirah атты үйлерінде нарықтағы құны 900 миллион теңгеден (2 миллион доллар) басталатын үш бөлмелі пәтері бар болғаны хабарланды және ол, оған қоса, сол кезде Астана Балет театрының арт-жетекшісі болды. Оның есімі оффшорлық компаниялар арқылы 30 миллион доллар алғаны туралы халықаралық тергеуде де аталған.

2023 жылы Назарбаев өз кітабында Құрманбаеваның өзінің тоқалы болғанын және екеуінің Тауман (2005 жылы туған) және Бәйкен (2009 жылы туған) есімді екі ұл баласының бар екенін жария етті. Құрманбаева мен Назарбаевтың мұсылманша некеде тұрғаны да айтылды.

Балалары нобай|оңға|Назарбаевтың ең үлкен қызы, Дариға Назарбаева, 2019 жыл Нұрсұлтан Назарбаевтың Сара Алпысқызымен ресми некесінен үш қызы, Әсел Құрманбаевамен бейресми некесінен екі ұлы бар және Рахат Әлиевтің хабарлауынша Гүлнар Рақышевадан туған екі қызы бар. Осыған сүйене отырып жалпылама айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаевтың белгілі 7 баласы; 2 ұлы мен 5 қызы бар.

Сара Назарбаевадан туғандары Дариға Назарбаева

1963 жылғы 7 мамырда туған Дариға Назарбаева — бірнеше мемлекеттік қызметтерге, соның ішінде Сенат төрайымы, Премьер-министр орынбасары, Сенатор, Мәжіліс депутаты және Мәжілістегі Нұр Отан фракциясының төрайымы сияқты лауазымдарға ие болған саясаткер. Ол — Панама архивінде офшор компанияларына ие болған деп айтылған Назарбаевтың үлкен қызы.

Динара Құлыбаева

1967 жылғы 19 тамызда туған Динара Құлыбаева (туғанында Назарбаева) — Нұрсұлтан Назарбаевтың екінші және ортаншы қызы.

Халық банкін бақылайтын Динара Нұрсұлтанқызы мен күйеуі Тимур Құлыбаев әрқайсысының байлығы 2024 жылы 5 миллиард доллар құрды. Ол, Құлыбаевпен бірге, — Қазақстандағы екінші ең бай адам. Құлыбаева — Forbes-тың дүние жүзі миллиардерлер тізімінде болған жалғыз Орталық Азиялық әйел адам.

Әлия Назарбаева

1980 жылғы 3 ақпанда, Алматыда туған Әлия Назарбаева — Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы.

Гүлнар Рақышевадан туғандары Назарбаевтың бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиев оның Рақышевадан туған екі қыз баласы бар болғанын және олардың Испанияда тұратынын хабарлаған.

Әсел Құрманбаевадан туғандары 2023 жылы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Менің өмірім» кітабында тоқалы Әсел Құрманбаевадан Тауман (2005 жылы туған) мен Бәйкен (2009 жылы туған) есімді екі ұлының бар болғанын жария етті. Құрманбаева мен Назарбаевтың мұсылманша некеде тұрғаны да айтылды.

Тауман Нұрсұлтанұлы 2005 жылғы 6 сәуірде дүниеге келген. 2023 жылғы сәуірде Тауман Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтың қызы Анаделя Майдановаға үйленді. Бәйкен Нұрсұлтан 2008 жылғы 5 желтоқсанда дүниеге келді.

Немерелері Назарбаевтың белгілі 10 жиен немересі бар: Дариғаның 3 баласы, Динараның 3 баласы және Әлияның 4 баласы бар. Төменде Назарбаевтың ең белгілі жиендері ғана берілген:

Нұрәлі Әлиев

Нұрәлі Рахатұлы Әлиев — кәсіпкер. Рахат Әлиев пен Дариға Назарбаевтың үлкен ұлы және осылайша Назарбаевтың тұңғыш жиені. Нұрәлі Әлиев үйленген, төрт баласы бар.

2023 жылғы қыркүйекте Қаңтар оқиғасынан кейінгі Назарбаевтардың лауазым мен атақ жоғалтқанына қарамастан Транстелекомдағы көшбасшылыққа қол жеткізді.

Айсұлтан Назарбаев

1990 жылғы 26 тамызда туған Айсұлтан Назарбаев — футболшы және кәсіпкер. Ресми өмірбаянындағы ақпарат бойынша Айсұлтан — Назарбаевтың жиені, Рахат Әлиев пен Дариға Назарбаеваның екінші ұлы. Өмірінің соңына қарай ол әлеуметтік желілерде әкесінің Назарбаевтың өзі болғанын айтты және өміріне қауіп төнгенін хабарлады. Айсұлтанның әкесі — Рахат Әлиев деген ДНҚ құжат жалған болып шықты да, оның шынайы ата-анасы белгісіз.

2020 жылғы 16 тамыз күні Лондонда Айсұлтан Назарбаев қайтыс болды. Британдық коронер Айсұлтанның есірткі тәуелдігінен өзі қайтыс болғанын айтты.

Венера Назарбаева 1995 жылғы 24 қазанда туған Венера Назарбаева — Рахат Әлиев пен Дариға Назарбаеваның кенже баласы және жалғыз қызы. 2018 жылы ол «Шайжүнісовтер әулетіне» келін болып түсті.

Ата-тегі Нұрсұлтан Назарбаев Ұлы жүздің шапырашты руынан шыққан. Оның шежіресі: Нұрсұлтан, Әбіш, Назарбай, Көшек, Қарасай, Есқожа, Шапырашты.

Нұрсұлтан Назарбаевтың әкесі мен анасы болған Әбіш пен Әлжан Бұқарбайқызы (Жатқанбаева)https://www.azattyq.org/a/kazakhstan_mother_of_nazarbaev/28839852.html Назарбаевтар шаруалар болатын. Өрт сөндірмек болғанда Әбіш қолын жарақаттап алды да, әскери қызметке бара алмай қалды. Екінші дүниежүзілік соғыстың аяғында отбасы Шамалған ауылына оралды, онда 1948 жылы Назарбаев мектепке барып, орыс тілін үйрене бастады; осы кезде ол нағашы атасымен тұратын, ата-анасының бұл жерде қысқа мерзім бойы баспанасы болмаған еді. Кейінірек Назарбаевтың өзі олармен араласа отырып, орыс тілін меңгеру үшін негізінен этникалық орыстар тұратын Шамалғанның жоғарғы бөлігіне көшті.

Ағайындары Сатыбалды Назарбаев Әйелі: Светлана Мырзахметовна Назарбаева Балалары: Қайрат Сатыбалдыұлы Самат Сатыбалдыұлы Әбіш

Болат Назарбаев Назарбаевтың інісі Болат Назарбаевтың бірнеше әйелі болған. Әйелдері мен балаларының нақты саны белгісіз. Бәйбішесі — Гүлжан Төлегенқызы Назарбаева (Айтмұхамбетова; 1955–2020). Айтмұхамбетовамен оның Гүлмира, Құндыз, Нұрбол атты балалары бар.

Болат Назарбаевтың «гаремінде» бірнеше әйел болған. Олар және балалары: Майра Құрманғалиева: Ханболат Гүлнұр Уахапқызы Дүйсебаева: Хантөре, Жанель Динара Кемелханқызы Маметекова: Еркежан, Мұхаммед Жұлдыз Ташова

Болат Әбішұлының заң бойынша мұрасының міндетті үлесін алуға ниетін білдірген балалары осы: Назарбаев Нұрбол Болатұлы, 1983 жылғы 14 қарашада туған Болатұлы Болатхан, 2012 жылғы 7 ақпанда туған; Назарбаев Мұхаммед Болатұлы, 2021 жылғы 21 қыркүйекте дүниеге келген; Назарбаева Еркежан Болатқызы, 2018 жылғы 18 мамырда дүниеге келген. Назарбаев Елнұр Болатұлы, 2013 жылғы 19 тамызда туған; Назарбаев Болат Болатұлы, 2014 жылғы 17 қазанда туған. Назарбаев Акбар Болатұлы, 2016 жылғы 23 қарашада туған; Назарбаева Нұрбан Болатқызы, 2018 жылғы 9 шілдеде туған; Болатқызы Томирис, 2013 жылғы 30 шілдеде туған; Болатқызы Аруназ, 2016 жылғы 30 қаңтарда туған; Назарбаев Ханболат Болатұлы, 2002 жылғы 17 ақпанда дүниеге келген; Назарбаева Альбина Болатқызы, 2003 жылғы 7 маусымда туған; Назарбаев Хантөре Болатұлы, 2018 жылғы 26 қаңтарда дүниеге келген; Назарбаева Жанель Болатқызы, 2010 жылғы 3 қарашада туған.

Мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарында меценат көрсетілетін Болат Назарбаев түрлі актив пен базарларға ие болатын. Болат байлығының қайдан келгені ресми түрде белгісіз, бірақ деректердің көбі оның бұл байлыққа ағасы Нұрсұлтан арқылы қол жеткізгені хабарланады. Байлыққа ие болмақ болған сантехник-механик Болат Әбішұлы рейдерлік арқылы бизнестерді тартып алатын делінеді.

Әнипа Назарбаева Назарбаевтың қарындасы Әнипа Әбішқызы үйленген болатын. Оның баласы Элмира Жылқыбаева Азамат Жылқыбаевқа үйленген еді.

Сын Назарбаевтар әулеті Назарбаевтың президенттігі кезінде үлкен байлық пен шексіз билікке қол жеткізді. Қыздары мен інілері Forbes журналына енді, елдегі мәдени маңызы бар аумақтар мен ірі базарларды өзіне тартып алды.

Әулет мүшелері Мүшелер кестесі Назарбаевтың тікелей отбасы

Назарбаевтың қалған белгілі туыстары

Мүшелер тізімі