Сайпан () — Тынық мұхитында орналасқан арал-қала. Ол Солтүстік Мариана аралдарының ең үлкен аралы және астанасы. Халқы 48 220 адам (2010). Тарихы Аралды 1521 жылы Фернан Магеллан бастаған экспедиция ашты. Ұзақ жылдар бойы Испанияның отары болды. 1898 жылғы АҚШ-Испания соғысынан соң АҚШ тарапына өттіhttps://www.worldstatesmen.org/Northern_Marianas.html.
1914 жылғы соғыста Жапония қол астына өтті. Бірақ АҚШ 1944 жылы қайтарып алды.
2009 жылы Сайпан Америка Құрама Штаттарының “қосымша территориясы” болып жарияланады.
Климаты Температура: Жыл бойы орташа температура 27-29°C аралығында болады. Маусымдық өзгерістер аз.
Жауын-шашын: Жаңбырлы маусым шілдеден қазанға дейін созылады, бұл уақытта тайфундар жиі болып тұрады. Жылдық жауын-шашын мөлшері шамамен 2000 мм-ден асады.
Ылғалдылық: Ауаның ылғалдылығы жоғары, әсіресе жаңбырлы маусымда.
Жел: Солтүстік-шығыс пассат желдері басым.
Дереккөздер
Сілтемелер
The Insular Empire: America in the Mariana Islands, PBS documentary film & website Saipan Municipality, United States Census Bureau Department of the Interior, Office of Insular Affairs – Links to cultural and informational sites about the CNMI as well as to government sites
Санат:Солтүстік Мариана аралдары Санат:Океания астаналары