Қаракөз – Қарасай алабындағы өзен.

Географиялық орны Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы жерімен ағады.

Бастауы Бастауын иен даладағы бұлақтардан алып, Қарасай өзеніне сол жағынан құяды.

Гидрологиясы Орта ағысына дейін сайлы-жыралы өңірмен ағады. Төменгі арнасы кеңейіп жағалауы жайпақ келеді. Алабының басым бөлігінде шөлейт далаға тән бұйырғын, баялыш, жусан, т.б. шөптесіндер өседі. Жаз айларында қарасуларға бөлініп қалады. Бастауында қыстау және Жер атты құдық бар. Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Мойынқұм ауданы өзендері