Мезосома — үлгілерді электронды микроскопияға дайындау барысында химиялық бекіту әдістерін қолдану арқылы түзілетін, бактериялардың цитоплазмалық мембранасының қатпарлары. 1960 жылдары бұл құрылымдардың табиғи шығу тегі болжанғанымен, олар 1970 жылдардың аяғында артефактілер ретінде танылды және қазіргі уақытта зерттеушілердің көпшілігі бактерия жасушаларының қалыпты құрылымының бөлігі деп санамайды.
Ерте зерттеулер Электрондық микроскопияға сынама дайындау кезінде химиялық бекітуден өткен, грам-позитивті бактериялардағы жасуша мембраналарының қатпарларын алғаш рет 1953 жылы Джордж Чампан мен Джеймс Хиллиер көрді. Олар бұл қатпарларды "перифериялық денелер" () деп атады. 1959 жылы Дж. Робертсон оларды мезосомалар деп атады.
Бастапқыда мезосмалар көптеген жасушалық процестерде рөл атқаруы мүмкін деп есептелді, мысалы, жасушаның бөліну барысында жасуша қабырғасының түзілуі, ДНҚ-ның екі еселенуі немесе тотыға фосфорлану орны ретінде әрекет етеді. Мезосомалар жасуша бетін үлкейтеді және жасушаның биологиялық тотығуына, сондай-ақ секрецияға қатысады деп болжанған. Олар эукариоттық митохондриядағы кристалардың аналогтары болып саналды. Мезосомалар фотосинтезге қатысуы мүмкін және жалпы бактериялық жасушаның бөлімшеленуінде қатысуы мүмкін деген пікірлер айтылды.
Гипотезаны жоққа шығару 1970 жылдардың аяғында мезосомалар препаратты электронды микроскопияға дайындау кезінде химиялық бекіту артефактілері болып табылатынын және химиялық бекітуге ұшырамаған жасушаларда кездеспейтінін көрсететін дәлелдер жиналды. 1980 жылдардың аяғында криофиксация тараған кезде, электронды микроскопияға арналған препараттарды дайындау кезінде, мезосомалар сынама дайындаудың артефактілері болып табылады және тірі жасушаларда жоқ деген пікір кеңінен таралды. Алайда, бірқатар ғалымдар әлі күнге дейін мезосомалар барлық жағдайда артефакт емес деп мәлімдейді.
Мезосомаларға ұқсас мембраналық қатпарлар кейде антибиотиктердің және бактерияға қарсы пептидтердің (дефензиндер) әсеріне ұшыраған бактерияларда анықталады. Бұл жағдайларда мембраналық қатпарлардың пайда болуы жасуша мембранасының және/немесе жасуша қабырғасының химиялық зақымдануының нәтижесі болуы мүмкін. Мезосома емес ішкі мембраналық жүйелер тек фототрофты прокариоттарда, азоттандыратын және метаноқышқылдайтын бактерияларда болады.
Мезосомалардың болуы туралы гипотеза мәселесі және оны жоққа шығару кейде ғылыми философия тұрғысынан эксперименттік әдістерді дамыта отырып ғылыми идеяны жоққа шығарудың мысалы ретінде қарастырылады.
Дереккөздер
Әдебиет