Қазақстан Республикасының Президенттік Резиденциясы — Алматы қаласында орналасқан мемлекет басшысының резиденциясы. Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері қатарынан алынып тасталды.

Тарихы 1979 жылы Қазақстан КП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамед Ахмедұлы Қонаевтың бұйрығымен В.И.Ленин атындағы мұражайдың филиалы салу туралы шешім қабылданды. Құрылыс жобасын Қонаевтың өзі бекітті.

Құрылыс 1983 жылы басталды.

1986 жылы желтоқсанда Қонаев бірінші хатшы қызметінен алынып тасталды. Сонда Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының ұсынысымен мұражай құрылысы тоқтатылды. Ол кезде нысан 90%-ға құрылып болған едіЭнциклопедия Алматы. Резиденция Первого Президента Республики Казахстан. 1993 жылы құрылыс қайта басталды, бірақ ғимараттың мақсаты өзгерді: ол Қазақстан Президентінің резиденциясы ретінде аяқталдыЭнциклопедия Алматы. Резиденция Первого Президента Республики Казахстан. Құрылыс 1995 жылы аяқталды.

1997 жылы Қазақстан астанасы Ақмолаға (қазіргі Астана) көшірілгеннен кейін ғимарат президенттік резиденция мәртебесін сақтап қалды.

Өрттелуі мен салдары 2022 жылдың 5 қаңтарында үкіметке қарсы наразылық кезінде нарызы халық Резиденция ғимаратын басып алды. Олар ғимараттың бірінші қабатына көлікті кіргізіп, оны өртеп жіберді. Өрт пен жарылыс ғимаратты түбегейлі қиратып, екінші қабаттың тірек құрылымын зақымдады.

Ғимаратқа келтірілген зақымдарды зерттеумен Қазақстандық көпсалалы қайта құру және даму институтының мамандары айналысты. Олардың пікірінше, ғимаратты қалпына келтіруге болатын еді. 2022 жылғы 16 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы резиденция толық қалпына келтірілетінін жариялады.

Алайда, 2 наурыз күні Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың резиденцияны бұзу және осы жерде саябақ салу туралы шешімі туралы хабарлады.

Сәулет өнері Бас сәулетші Қ.Монтақаев; сәулетшілер: С.Баймағамбетов, Қ.Нұрмамбетов, О.Цой. Жобалаушы Т.Ш.Алпысбаев.

Ғимарат монументалды құрылым ретінде жобаланған. Резиденцияның мұндай құрылымдық-кеңістіктік шешімі қасбеттің архитектурасымен жұмыс істеу еркіндігін және ішкі көп деңгейлі жоспарлау құрылымының икемділігін қамтамасыз етті. Ғимараттың архитектуралық семантикасында басты рөл ақ Каррара мәрмәрінің үлкен қара көк витраждармен үйлесіміне арналды, бұл резиденцияға салтанатты және ресми көрініс берді. Ғимараттың ішкі беті қазақ ою-өрнектерімен безендірілген. Қабылдау залының дөңгелек күмбезі Қарғалы диадемасына негізделе отырып бедерлі суреттермен көмкерілген. Резиденцияның батыс бөлігінде заманауи өнер туындыларымен безендірілген саябақ салынды Энциклопедия Алматы. Резиденция Первого Президента Республики Казахстан.

Ескерткіш мәртебесі 2000 жылғы 16 қазанда Резиденцияның сәулет кешені Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізілді.

2022 жылғы қаңтарда Алматыда болған наразылықтар кезінде келтірілген залалдан кейін резиденция Қазақстан Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушы 2022 жылғы 27 сәуірдегі бұйрығымен Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізімінен алынып тасталды. Жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң бұйрық қолданысқа енгізілді.

Тағы қараңыз Ақорда

Дереккөздер

Санат:Алматы ғимараттары мен құрылыстары Санат:Қазақстан сәулеті