Біржан сал ескерткіші — Степняк қаласының шетіндегі ақын Біржан салдың зиратына қойылған ескерткіш. Мемлекеттік маңызы бар тарихи ескерткіштер тізіміне кіреді.
Орнатылған кезеңі XIX ғасыдың соңы, 1950 жылы қайта қалпына келтірілген, мүсінші Т.С. Досмағамбетов.
Сипаты нобай|150px| Ескерткіш кешен монументтен, бюсттен және мемориалдық қабырғадан тұрады. 1-нұсқасы 1950 жылы, 2-нұсқасы 1982 жылы, 3-нұсқасы 1994 жылы жасалып, мемориал қойылды. 1994 жылы Қарағанды қаласындағы суретшілер шеберханасында қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, II том. Кешен аумағы төртбұрышты бетон тақтайлармен жабылған, төмен ажурлы шарбақпен қоршалған. Қайта жөндеуден кейін бұрынғы обелисктің орнына қызыл граниттен жасалған төртбұрышты блокқа ұлттық киімдегі Біржан салдың қола бюсті орнатылды, оның оң қолы жүрегінің үстінде тұр, ал сол қолында домбырасы бар. Бюст авторы – қазақстандық мүсінші Т.С. Досмағамбетов. Біржан салдың мемориалды кешені – ұлттық жанрда өнер көрсететін көптеген әнші, суырыпсалма музыканттар мен ақындардың құрмет көрсетуге баратын орны.Қазақстанның тарихи-мәдени нысандарының және жаппай зиярат ету орындарының альбомы/ ; ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты ; [жоба авторы Т. Бекбергенов ; бас ред. А. Р. Хазбулатов]... – Астана : [б. ж.], 2018. - 495 б., суретті; . – Библиогр.: 490 б. . – 100 дана – ISBN 978-9961-23-485-9
Дереккөздер
Санат:Ақмола облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері Санат:Біржан сал ауданы