Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті — зияткерлiк меншiк құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ведомствосы.

Тарихы 1992 жылы Қазақ авторлық құқықтар агенттігі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік авторлық және сабақтас құқықтар агенттігі болып қайта құрылды. 1997 жылы наурызда Авторлық құқықтар агенттiгi болып өзгеріп, Экономика және сауда министрлігінің, қазанда Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің құрамына енді. 1999 жылы агенттік орнына Әділет министрлігінің Авторлық құқықтар комитеті құрылды. 2001 жылы Авторлық құқықтар комитеті орнына Зияткерлік меншік құқығы комитеті құрылды. 2014 жылы комитет таратылып, 2024 жылы қайта құрылды.Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір мәселелері туралы

Міндеттері зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және сақтау саласындағы реттеушілік, іске асыру және бақылау функцияларын орындау, сондай-ақ стратегиялық функцияларды орындауға қатысу адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының үстемдігін, Қазақстан Республикасының егемендігін қамтамасыз етуге, жалпымемлекеттік даму стратегиясын әзірлеуге және іске асыруға қатысу арқылы қазақстандық қоғам мен мемлекеттің орнықты және үдемелі дамуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ өз құзыреті шегінде мемлекеттің реттеушілік саясатын іске асыруға бағытталған ұлттық заңнаманы қалыптастыруға қатысу; Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлiк меншiк құқығы комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің, "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындату комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің, "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережелерін бекіту туралы

Қарамағындағы ұйымдар «Ұлттық зияткерлік меншік институты» ШЖҚ РМК

Дереккөздер

З