Беріктас (немесе Бұғымүйіз) — Іле алабындағы өзен. Алматы облысы, Жамбыл ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 42 шақырым.

Сипаттамасы Жетіжол жотасының солтүстігінен бастау алады. Дегерес тауларының аңғарларымен ағып, жазыққа жеткен соң Беріктас аулынан өте бере құмға сіңіп кетеді. Ені 3-4, кей тұстары 5-6 метрге дейін жетеді.

Суы мол жылдары Кірөзек өзеніне жалғасып, Қопа өзеніне дейін жеткен.

Ауыз суға да пайдаланылады.

Жағасындағы елді-мекендер

Бесмойнақ аулы Қараарша аулы Беріктас аулы

Салалары

Қарарша өзені Арна (Бұғымүйіз немесе Бесмойнақ).өзені

Сілтемелер

Топографиялық карта k-43-10 Гидрологическая изученность. 13 Том. Орталық және Оңт. Қазақстан. 2 шығарылым. Балқаш көлі алабы (орыс тілінде) / Л.: Гидрометеоиздат, 1967. — 304 бет

Санат:Жамбыл ауданы (Алматы облысы) өзендері