Айып Орашұлы Орашев (9 қаңтар 1914, Орал облысы, Ресей империясы — 4 маусым 1979) — кеңестік партия және мемлекет қайраткері, Қазақстан К(б)П Көкшетау облыстық комитетінің бірінші хатшысы (1949-1952).
Өмірбаяны Білімі 1931 жылы — Орал педагогикалық техникумын, 1934 жылы — Орал жоғары ауылшаруашылық мектебін, 1955 жылы — БК(б)П–КОКП ОК қарамағындағы Жоғары партия мектебін бітірген.
Еңбек жолы 1931-1933 жылдары — мектеп мұғалімі, БЛКЖО кеңшары комитетінің хатшысы болды, 1934-1935 жылдары — Ілбішін аудандық БЛКЖО комитеті хатшысының орынбасары (Батыс Қазақстан облысы) болып жұмыс істеді, 1935-1938 жылдары — Тайпақ аудандық БЛКЖО комитетінің хатшысы (Батыс Қазақстан облысы), Қазақстан ЛКЖО Теректі аудандық комитетінің хатшысы (Батыс Қазақстан облысы) болды, 1939 жылы — Қазақстан К(б)П Теректі аудандық комитетінің (Батыс Қазақстан облысы) бөлім меңгерушісі болып тағайындалды, 1939-1942 жылдары — Қазақстан К(б)П ОК ұйымдастыру-нұсқау бөлімінің нұсқаушысы, меңгерушінің орынбасары міндетін атқарды, 1942-1943 жылдары — Қазақстан К(б)П Қостанай облыстық комитетінің екінші хатшысы болды, 1943 жылы — Қазақстан К(б)П Алматы облыстық комитетінің мал шаруашылығы жөніндегі хатшысы болды, 1943-1944 жылдары — Қазақстан К(б)П ОК кеңшар бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды, 1944-1946 жылдары — Қазақстан К(б)П Қарағанды облыстық комитетінің екінші хатшысы болды, 1946 жылы — Қазақстан К(б)П ОК сауда және қоғамдық тамақтандыру бөлімінің меңгерушісі болды, 1946 жылы — Қазақстан К(б)П ОК хатшысының орынбасары қызметін атқарды, 1946—1949 жылдары — Қазақ КСР Орман өнеркәсібі министрі жұмысын істеді, 1949—1952 жылдары — Қазақстан К(б)П Көкшетау облыстық комитетінің бірінші хатшысы болды, 1955-1958 жылдары — Қазақстан КП Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің хатшысы атанды, 1958—1979 жылдары — КСРО Министрлер Кеңесінің халық шаруашылығын материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комитетінің Қазақ аумақтық басқарма басшысы болды.
1979 жылдан бастап зейнеткерлікте болды.
Дереккөздер Ашимбаев Д. Р. Кто есть кто в Казахстане. Биографическая энциклопедия. — Алматы, 2008.
Санат:Қазақ КСР халық комиссарлары мен министрлері Санат:БЛКЖО функционерлері Санат:Қазақстан КП Қостанай облыстық комитетінің екінші хатшылары Санат:Қазақстан КП Қарағанды облыстық комитетінің екінші хатшылары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 2-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 3-шақырылымының депутаттары Санат:Кәсіпорындар мен ұйымдардағы БЛКЖО комитеттерінің хатшылары Санат:Қазақстан КП Көкшетау облыстық комитетінің бірінші хатшылары