Жаңбыршы Үсейінов - 1947 жылы 9 мамырда Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданындағы Көкдөнен ауылында туған. Өнер қайраткері, композитор.
Өмірбаяны Жаңбыршы (Жаңбырбай) Үсейінұлы 1947 жылы 9 мамырда Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы Көкдөнен ауылында дүниеге келген. 20 жылға жуық өзі білім алған Ахмет Байтұрсынов атындағы орта мектеп оқушыларына бастапқыда математикадан, кейіннен ән-күй пәнінен сабақ берді. Көз жанары нашарлап, І топтағы мүгедектігі бойынша зейнетке шығып, 25 жыл үйде отырды.
Жаңбыршы Үсейінов алғашқы «Жігіт сыры» әнін 17 жасында жазды. Бірқатар әндерінің сөзі – автордікі. Патриоттық әндер – Байзақ Датқа Мәмбетұлына арнаған «Батыр бабам», «Әбілқайыр», «Соғыстан қайтқан әкелер», «Боксшы», «Сені іздеймін», «Жан сәулем», «Жігіт сыры», «Қайдасың, Қарлығашым» әндерінің сөзі – ақын Кәріпжан Нүсіптікі. «Немерем – балам» әнінің сөзін ақын Бердіш Шахаров жазған. «Қайдасың, армандастарым», «Құдаша», «Сағыныш» (өлеңі Жаңбыршы Үсейіновтікі) және басқа лирикалық әндерін әнсүйер қауым жылы қабылдады. 40-қа жуық әндердің авторы. "Соғыстан қайтқан әкелер" әні Қазақ радосында беріліп тұрады. Радионың Алтын қорына енген. "Сағыныш" атты ән жинағы жарық көрген.
Дереккөздер
Санат:Сазгерлер Санат:Тұрар Рысқұлов ауданында туғандар