Индира Есалықызы Тұрсынбай (2 желтоқсан, 1983 жылы туған, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Әбдіғаппар ауылы) — «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы АҚ «Balapan» телеарнасы директоры.
Қызмет жолы 2003-2005 жж. - «Almaty TV» телеарнасында журналист, жаңалық жүргізушісі, «Экология бекеті» телеарнасының редактор-жүргізушісі; 2005-2006 жж. - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасында редактор-сарапшы, «Business.kz» бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі; 2008-2009 жж. - «Астана» телеарнасында редактор-сарапшы, жаңалық жүргізушісі; 2011-2014 жж. - «Еуразия» Бірінші арнасында тілші, жаңалық жүргізушісі; 2015-2016 жж. - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасында жаңалық жүргізушісі, экономика жаңалығының редактор-жүргізушісі; 2017-2023 жж. - жеке продакшн компанияларда басшылық қызмет атқарды; 2023 жылдың қаңтарынан - «Balapan» телеарнасының директоры.
Білімі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған.
Дереккөздер
Санат:Жаңақорған ауданында туғандар