Мира Камилевна Джангарачева (30 наурыз 1952 жыл, Бішкек, Қырғыз КСР) — Қырғызстанның мемлекет және қоғам қайраткері, Жогорку Кенештің депутаты (1995-2000), Қырғызстан Премьер-министрінің әлеуметтік саясат жөніндегі орынбасары, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі (1998-1999). Бішкек қаласының Құрметті азаматы.

Отбасы Анасы - Фатима Байгелдиева - соғыс ардагері, журналист. Әкесі – Жангарачев Кемел Сатарқұлұлы – Ұлы Отан соғысына қатысушы, кәсіподақ қызметкері. Мираның үш ағасы Болот, Исхак, Азиз және екі сіңілісі Розажәне Нурила болды.

Жолдасы - Кличбек Бердібеков (Қырғыз Республикасы футбол федерациясының бұрынғы бас хатшысы).

Қызы – Шайкенова Шәйір, Алматы қаласында тұрады.

Білімі Қырғыз мемлекеттік университеті, тарих факультеті. Тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі (1969-1974, Бішкек).

Мәскеу мемлекеттік университеті. Философия ғылымдарының кандидаты, доцент (1978-1981, Мәскеу).

Өмірбаяны Мира Джангарачева 1952 жылы 30 наурызда Фрунзе (Бішкек) қаласында дүниеге келген. 1974-1992 жылдары - Фрунзе политехникалық институтында оқытушы, кафедра меңгерушісі, декан; 1992-1995 жылдары - Бішкек қаласының әлеуметтік мәселелер жөніндегі вице-мэрі; 1995-1996 жылдары - Жогорку Кенештің депутаты; 1996-1997 жылдары - Қырғызстан премьер-министрінің әлеуметтік саясат жөніндегі орынбасары; 1997-1998 жылдары - Қырғыз Республикасы Президенті Іс басқармасының әлеуметтік саясат бөлімінің меңгерушісі; 1998-1999 жылдары - Қырғыз Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі; 1999-2000 жылдары - Шу облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары; 2000-2015 жж. – БҰҰДБ әлеуметтік мәселелер жөніндегі бағдарламасының менеджері. 2019 жылдың 19 маусымында Ғапар Әйтиев атындағы бейнелеу өнері мұражайының директоры болып тағайындалды. 2019 жылғы маусымда «Дос-Кредобанк» ААҚ акционерлерінің жалпы жиналысында ол Директорлар кеңесінің мүшесі болып бекітілді.

Дереккөздер

Санат:Қырғызстан қоғам қайраткерлері Санат:Қырғызстан тұлғалары