Әлім Байжанұлы Бижанов (16 қаңтар 1961 жыл, Қызылорда облысы, Арал ауданы, Абай ауылы) – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы (1999 жыл), профессор (2005 жыл).
Алматы зоотехника-малдәрігерлік институтын (1984 жылы, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) Орта Азия мемлекеттік университетін (2003 жылы) бітірген. 1984–86 жылдары Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданында мал дәрігері 1986 жылдан Қазақ малдәрігерлік ғылыми-зерттеу институтында аспирант, кіші және аға ғылыми қызметкер, кафедра меңгерушісі қызметінде. Ғылыми еңбектері жылқы малының жұқпалы ауруларының таралуы және оған қарсы күрес шараларын зерттеуге арналған. 157-ден астам ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде 17 патент пен 3 авторлық куәлігі бар.“Қазақ Энциклопедиясы”, 2 томСЫР ЕЛІ. Энциклопедия / Бас ред. Б.С. Каримова. 2-басылым. – Алматы: «Тау-Қайнар» ЖШС, 2023. ISBN 978-601-7059-54-5
Дереккөздер
Санат:16 қаңтарда туғандар Санат:1961 жылы туғандар Санат:Арал ауданында туғандар Санат:Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторлары Санат:Қазақстан ветеринарлары Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Қазақ малдәрігерлік ғылыми-зерттеу институтының профессорлары