«Найзағай атқыштар*» () — америкалық суперқаһармандық фильм. Бұл Marvel кинематографиялық әлемі (MCU) медиафраншизасындағы 37-ші фильм болды. Фильмнің режиссері — Джейк Шрейер, сценарий авторы — Эрик Пирсон және Ли Сонджин. Фильмде Себастиан Стэн, Ханна Джон-Кеймен, Уайатт Рассел, Джулия Луи-Дрейфус, Флоренс Пью, Дэвид Харбор, Ольга Куриленко және Харрисон Форд ойнады.
АҚШ-та фильм 2025 жылдың 2 мамырда шықты. Ол MCU-дегі 5-кезеңнің соңғы фильмі болды.
Рөлдерде Флоренс Пью — Елена Белова / Қара жесір: Қызыл бөлмеде жаттықтырылған ассасин, Найзайғай атқыштардың бірі. Себастьян Стэн — Джеймс «Баки» Барнс: кемелдендірілген солдат және де-факто Найзайғай атқыштардың лидері. Ханна Джон-Кеймен — Эйва Старр / Призрак: молекулярлық стабильді емес әйел, Найзайғай атқыштардың бірі. Уайатт Рассел — Джон Уокер / АҚШ агенті: кемелдендірілген солдат және бұрынғы Капитан Америка, Найзайғай атқыштардың бірі. Дэвид Харбор — Алексей Шостаков / Қызыл Қорғаушы: орыс суперсолдаты, Белованың әкелік фигурасы, Найзайғай атқыштардың бірі. Джулия Луи-Дрейфус — Валентина Аллегра де Фонтейн: графиня және ОБА директоры. Ольга Куриленко — Антония Дрейкова / Таскмастер: өз жаулардың күресу стилін қайталай алады. Льюис Пуллман — Боб / Сақшы.
Дереккөздер
Санат:Marvel кинематографиялық әлемінің фильмдері Санат:АҚШ атыс-шабыс фильмдері Санат:Ағылшын тіліндегі фильмдер