нобай|upright=0.6|Мысық басты Бастет құдайы Ежелгі Мысырда мысықтар б.з.д. 1980 жылдан бастап әлеуметтік және діни көріністерде, бейнеленген. Кейбір ежелгі мысырлық құдайлар, мысалы, Мафдет, Баст және Сехмет құдайлары мысық бастармен бейнеленген.Malek, J. (1997). The Cat in Ancient Egypt (Revised ed.). Philadelphia: University of Pennsylvania Press. ISBN 9780812216325. Олар сәйкесінше әділеттілікті, құнарлылықты және қайратты бейнелейді. Мут құдайы да, мысық ретінде және мысықпен бірге бейнеленген.Te Velde, H. (1982). «The cat as sacred animal of the goddess Mut» (PDF). In Van Voss, H.; Hoens, D. J.; Van de Plas, A.; Mussies, G.; Te Velde, H. (eds.). Studies in Egyptian Religion dedicated to Professor Jan Zandee. Leiden: Brill. pp. 127–137. ISBN 978-90-04-37862-9.
Мысықтар улы жыландар, дәнді-дақылдарды қоректенетін кеміргіштер мен құстарды өлтіргені үшін, оған қоса, Перғауынды Египеттің бірінші әулетінен бері қорғағаны үшін дәріптенген. Мысықтардың қаңқа қалдықтары 12-ші әулеттен бастап жерлеу керек-жарақтарының арасынан табылды.
Мысықтардың қорғаныштық қызметі Өлгендер кітабында көрсетілген. Кітапта Ра құдайының, және күннің жер бетіндегі тіршілікке беретін пайданың бейнесі мысық түрінде бейнеленген. Мысықтардың қолға үйретіліп, адамдардың күнделікті өмірдегі рөлінің артуын Египеттің жаңа патшалығы кезеңінде қолданған мысық тәрізді зергерлік бұйымдар дәлелдейді.
Мысықтар Ежелгі Мысырдың экономикасында үлкен рөл ойнағаны анық. Оны көптеген мысық мумияларының табылғанынан білеміз. Мысықтарды құрбандыққа шалу және мумиялау үшін өсірген. Бұл өз кезегінде азық-түлік, майлар және шайыр жеткізу үшін арнайы сауда желісін қажет еткен.Ikram, Salima (2015). «Speculations on the role of animal cults in the economy of Ancient Egypt ». In Massiera, Magali; Mathieu, Bernard Henri; Rouffet, Frédéric (eds.). Apprivoiser le sauvage / Taming the Wild. Archéologie des Sociétés Méditerranéennes series, no. 11. Montpellier: Cahiers de l'Égypte Nilotique et Méditerranéenne, Centre National de la Recherche Scientifique. pp. 211–228.
Галерея
Тағы қараңыз Зоолатрия
Дереккөздер Мақала ағылшын тілінен аударылған: Cats in ancient Egypt
Санат:Мысықтар Санат:Мысыр Санат:Үй жануарлары