Навуходоносор I, II «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том, Набу-куддури-уцур – Вавилон патшалары.

Навуходоносор І Навуходоносор І б.з.б. 1124 – 1103 жылдары патшалық етті. Ол Вавилонға жойқын шапқыншылық жасап тұрған эламдықтарды қирата жеңді. Навуходоносор I-нің кезінде Вавилонда қысқа мерзімді гүлдену кезеңі өтті.

Навуходоносор II Навуходоносор II Вавилонда б.з.б. 605 – 562 жылдары патшалық құрды, таққа отырғаннан кейін Кархемиштің (Сирия) түбінде египеттіктерді тас-талқан етіп жеңіп, Сирия мен Палестинаны басып алды. 601 жылы Египетке жорық жасады. 599 жылы әскерді қайта жасақтап, 598 жылы Солтүстік Арабияға жорық ұйымдастырды. 597 жылы Иерусалимді басып алып, 3 мың иудеялықты тұтқынға түсірді. 587 жылы (кейбір деректерде 586 жылы) Иерусалимді екінші рет басып алып, қаланы қиратты. ИудеяТураев Б.А., История Древнего Востока, Л., 1936 патшалығын жойып, оны Вавилон провинциясына айналдырды, елдің 9 мыңдай тұрғынын құлдыққа айдап әкетті. Навуходоносор ІІ-нің кезінде Вавилон өзінің экон. және мәдени гүлдену шегіне жетті. Үлкен құрылыстар жүргізілді (бұл кезеңге Вавилон мұнарасы мен әйгілі аспалы бақтардың құрылысы да жатады). Вавилонның айналасына қуатты бекіністер тұрғызылды.

Сілтемелер Вавилон патшалары Африка елдері Дін Қазақстан Дереккөздер

Санат:Бабыл патшалары