Уичита (вичита, Wichita) — Америкадағы Оклахома штатында тұратын үндіс халқы. Құрамына тавехаши, тавакони, кичаи және уако деген төрт тайпа кіреді. Халқы: 2800 адам (та­ва­ко­ни, уа­ко, ки­чаилармен бірге; 2015).

Тілі Тілі — вичита тілі, ағылшын тілінде де сөйлейді.

Діні Сенушілердің діни байланысы: католиктер, протестанттар.

Тарихы XVI ғасырдың басынан бастап олар Орталық Канзас аумағында өмір сүрді, ол жерден XVII ғасырда оңтүстік сиулар оларды Арканзас өзенінің аңғарына (Қазіргі Оклахома штаты) ығыстырды. Мұнда олар француздармен сауда-саттыққа тартылды. Олардың қоныстары Оңтүстік жазықтардың сауда орталықтарына айналды. ХІХ ғасырға қарай вичитаның негізгі елді мекендері Ред-Ривер өзені бойында (Оклахома мен Техас Штаттарының шекарасы) орналасты. 1859 жылы олар Үндіс аумағында резерватқа ие болды.

Кәсібі Дәстүрлі мәдениеті шығыс Ұлы жазық үндістеріне тән. Олар қолмен атқарылатын егіншілікпен және атпен бизон аулаумен айналысты. Қазіргі уичиталар жалдамалы еңбекпен айналысады.

Тұрмыс салты нобай|солға|200px|Уичита үйі,1885–1900 Неке қонысы матрилокалды. Жоғарғы мұрагерлік көсем бастаған бастықтар кеңесі басқарды.

Елді мекендер бекіністі. Тұрғын үй конус тәріздес, қамыс пен сабаннан жасалған, диаметрі 12-15 м ұзын сырықтардың қаңқасында, ортасында ошағы мен түтін шығаратын тесігі және қабырғалары бойында төсек-орынға арналған биік орындары бар. Қоныс аудару кезінде кезінде типи тәрізді шатырлар пайдаланады.

Ерлердің негізгі киімі — белдік, былғары гамаштар, мокасиндер, ал әйелдер киімі қысқа былғары белдемше болды. Суық мезгілде буйвол терісінен жасалған жамылғылар. Татуировка мен ритуалдық сурет салумен айналысты.

Дереккөздер

Санат:Солтүстік Америка үндістері Санат:АҚШ этникалық топтары Санат:Америка халықтары