Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті — бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру саласында басшылықты жүзеге асырады, реттеу және іске асыру функцияларын орындайтын Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ведомствосы.
Тарихы Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті 2019 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің құрамында құрылды. 2022 жылы министрліктің екіге бөлінуіне байланысты ҚР Оқу-ағарту министрлігіне өтіп, Орта білім беру комитеті болып өзгертілді.
Міндеттері Орта білім беру саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру; Ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік қалыптастыруға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; Тұлғаның зияткерлік, шығармашылық негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы зияткерлікті байыту; Комитеттің құзыретіне кіретін көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру. https://www.gov.kz/memleket/entities/kdso/about?lang=kk
Құрылымы Комитеттің 4 басқармаcы бар (2023 жылға): Орта білімнің мазмұны және әдіснамасы басқармасы Мониторинг және талдау басқармасы Инклюзивтік білім беру басқармасы Педагог кадрлармен жұмыс басқармасы
Дереккөздер
О