Лора Зискин (, 3 наурыз 1950 жыл, Калифорния – 12 маусым 2011 жыл, Санта-Моника, Калифорния) — америкалық режиссёр және сценарийші, Сұлу әйел (1990) фильмінің атқарушы продюсері, Өрмекші-адам (2002), Өрмекші-адам 2 (2004), Өрмекші-адам 3 (2007), Жаңа Өрмекші-адам (2012) және Жаңа Өрмекші-адам: Кернеген қуат (2014) фильмдерінің продюсері болғаны үшін белгілі тұлға.

Зискин — Оскар сыйлығын жалғыз өзі ұсынған тұңғыш әйел, ол оған қоса 74- (2002) және 79-марапаттау рәсімдерінің (2007) продюсері болды.

Өмірбаяны Шығу тегі және білімі Лора Эллен Зискин 1950 жылдың 3 наурызында, Калифорнияның Сан-Фернандо алқабында дүниеге келген. Ата-аналары Джэй Зискин мен Элейн Эдельман болған. Шығу тегі ресейлік еврейлерден шыққан, атасы Ресейден АҚШ-қа 1917 жылы көшіп келген. Әкесі Джэй Зискин психолог және заңгер болған, 1997 жылдың 14 шілдесінде 77 жасында қуық асты безінің обырынан қайтыс болды.

Лора Зискин Оңтүстік Калифорния университетінің кинематография өнері мектебіндегі оқуын 1973 жылы аяқтады.

Мансабы Оқуын бітірген Лора Зискин ойын шоуларына материал жазумен мансабын бастады. Кейін ол продюсер Джон Питерстің жеке көмекшісі болып жұмыс істеді, рөлдердің бірін Барбра Стрейзанд сомдаған Жұлдыз туған (1976) фильмінде продюсер көмекшісі болды.

Зискин 1978 жылы продюсер мансабын бастады, жалпы отызға жуық туындыларға жауапты болды. Лора Зискин көбіне 74- (2002) және 79-Оскар марапаттау рәсімдерінің (2007) жүргізушісі және продюсері болғаны үшін және Өрмекші-адамның екі трилогиясын құрудағы үлесі үшін белгілі. Бүкіл мансабында екі ғана сценарий жазды: «Боб ше?» (1991) және «Қаһарман» (1992).

Өлімі Лора Зискин 7 жылға созылған сүт безінің обырына қарсы күресінде жеңіліп, 2011 жылдың 12 маусымында Санта-Моника, Калифорнияда қайтыс болды. Оның соңғы фильмдері Жаңа Өрмекші-адам (2012) мен Сарай қызметшісі (2013) болған.

Жеке өмірі Лора Зискин екі түрлі некеде болған және бір баласы бар. Бірінші күйеуі Джулиан Бэрри болды, бұл некеден Лораның жалғыз баласы, қызы Джулия Бэрри туған. Екінші некесін Зискин белгілі сценарийші Элвин Сарджентпен қиған. Лора Сарджентпен 2010 жылдан 2011 жылғы өліміне дейін үйленген болды.

Фильмографиясы Кино Жылы Фильм Лауазымы Қосымша 1978 Лора Марстың көздеріEyes of Laura Mars Associate producer 1985 Мёрфидің махаббатыMurphy's Romance 1987 Шығатын жол жоқNo Way Out 1988 Ө.Н.Т.(Өлі, не тірі)D.O.A.(Dead or Alive) Құтылып шығуThe Rescue Бәрі үшін жүз пайыздық америкалықEverybody's All-American 1990 Сұлу әйелPretty Woman Атқарушы продюсері 1991 Боб ше?What About Bob? ДокторThe Doctor 1992 ҚаһарманHero 1995 Сол үшін өлуге боладыTo Die For 1997 Одан артық болмайдыAs Good as It Gets Атқарушы продюсері 2002 Өрмекші-адамSpider-Man 2004 Өрмекші-адам 2Spider-Man 2 2005 СтелсStealth 2007 Өрмекші-адам 3Spider-Man 3 2012 Жаңа Өрмекші-адамThe Amazing Spider-Man Қайтыс болғаннан кейін фильм жазуларында жазылған 2013 Сарай қызметшісіThe Butler Қайтыс болғаннан кейін фильм жазуларында жазылған

Сценарийші ретінде

Жыл Фильмі 1991 Боб ше?What About Bob?|- | 1992 || ҚаһарманHero''

Өзге қызметі

Жыл Фильмі Қызметі 1976 Жұлдыз туғанA Star is born Продюсер көмекшісі

Алғыс білдірілді

Жыл Фильм Қызметі 2008 КиллерKillshot Алғыс білдірді 2012 Вегас фортунасыLay the Favorite үшін түсірілген Жаңа Өрмекші-адамThe Amazing Spider-Man Еске алды 2013 Сарай қызметшісіThe Butler 2016 КридморияCreedmoria Алғыс білдірді

Теледидар Жыл Атауы Қызметі Қосымша 1983 Біреуі пісірсе, басқасы пісірмейдіOne Cooks, the Other Doesn't Фильм 2000 Fail Safe Фильм 2001 Достармен бірге түскі асDinner with Friends Атқарушы продюсері Фильм Менің қалай жүргізу үйренгенімHow I Learned to Drive Фильм 2002 74-Оскар марапаттау рәсімі Атқарушы продюсері Арнайы бағдарлама 2003 ТарзанTarzan Атқарушы продюсері Сериал 2007 79-Оскар марапаттау рәсімі Атқарушы продюсері Арнайы бағдарлама 2008−10 Обырға қарсы тұрStand Up to Cancer Атқарушы продюсері Арнайы бағдарлама 2015 ОбырCancer Атқарушы продюсері Деректі фильм

Сценарийші ретінде

Жыл Атауы Қосымша 2008 Обырға қарсы тұрStand Up to Cancer Арнайы бағдарлама

Өзге қызметі

Жыл Атауы Қызметі Қосымша 1977 Әнші жігітMinstrel Man Продюсерлер көмекшісі Фильм

Қосымша ақпарат

Дереккөздер

Санат:АҚШ сценарийшілері Санат:Алфавит бойынша сценарийшілер Санат:ХХ ғасыр сценарийшілері Санат:ХХI ғасыр сценарийшілері Санат:Алфавит бойынша кинопродюсерлер Санат:ХХ ғасыр кинопродюсерлері Санат:ХХI ғасыр кинопродюсерлері Санат:АҚШ кинорежиссёрлері Санат:АҚШ телепродюсерлері Санат:Оңтүстік Калифорния университеті түлектері Санат:Сүт бездері обырынан қайтыс болғандар