Deep Space 1 () — New Millennium бағдарламасы аясында 1998 жылы ғарышқа ұшырылған НАСА миссиясы.

Оның барысында жаңа 12 технология сынға түсіп, олардың тиімділігі дәлелденді: Solar Electric Propulsion — электростатикалық өріспен істейтін ионды қозғалтқыш. Solar Concentrator Arrays — жеңіл күн батареялары. Multi-functional Structure — көпфункциялы құрылым. Miniature Integrated Camera And Spectrometer — көрінетін, инфрақызыл және ультракүлгін диапазонда түсіретін құрылғы. Ion and Electron Spectrometer — иондық және электрондық спектрометр. Small Deep Space Transponder — кішігірім радиобайланыс жүйесі. Ka-Band Solid State Power Amplifier — қуат күшейткіші. Beacon Monitor тәжірибесі — аппараттың жалпы жағдайы жайында сигналдарды жіберу арқылы операциялық шығындарды азайту. Autonomous Remote Agent — ақау болғанда, өзін қалыпқа келтіре алатын бағдарламалық жасақтама. Low Power Electronics — төменқуатты электрониканы қолдану. Power Actuation and Switching Module — қуатты уақытында қосу модулі. Autonav — автономды навигация жүйесі.

Сонымен қатар аппарат екі шағын аспан денесін жақын қашықтықтан зерттеді: (9969) Брайль астероидымен жақындасуы 1999 жылы орын алса, 19P/Борелли кометасының жанынан ол 2001 жылы өтті.

Дереккөздер

Санат:NASA Санат:Ғарыш зерттеулері