Талдықорған әуежайы — Талдықорған қаласындағы халықаралық әуежай. Жетісу облысының басты әуе қақпасы болып саналады. Қоғамдық және әскери мақсатта қолданылады.

Тарихы Әуежай 1946 жылы ашылды. Бастапқыда ұшу-қону жолағы топырақпен жабылған болатын, және күніне тек екі ұшақ ұшатын. Кейінірек Яковлев Як-12, Антонов Ан-2 ұшақтары қызмет көрсете бастады.

1974 жылы жаңа әуежай кешенінің құрылысы аяқталып, қазіргі орналасқан орнына көшірілді. Бұл кезде Яковлев Як-40 және Антонов Ан-24 ұшақтарын қабылдауға мүмкіндік туды. 1981 жылдан бастап Туполев Ту-134 типіндегі әуе кемелері де ұшып-қонуға кірісті.

2004 жылы жолаушылар терминалына күрделі жөндеу жүргізіліп, сағатына 100 жолаушыны қабылдай алатын заманауи жабдықтармен қамтылды.

Әуе компаниялары мен бағыттар 2025 жылдың шілдесіндегі мәлімет бойынша, Талдықорған әуежайынан келесі бағыттарда тұрақты рейстер орындалады:

Күнделікті рейстер: Qazaq Air → Астана, Түркістан Жетісу → Астана

Қабылдайтын әуе кемелері

Әскери авиация Әуежайда ҚР Қарулы күштерінің әскери ұшақтары мен тікұшақтары орналасқан. Қабылдай алатын кейбір әскери әуе көліктері:

Антонов Ан-12, Антонов Ан-24, Антонов Ан-26, Антонов Ан-28, Антонов Ан-30, Антонов Ан-32 Антонов Ан-72, Антонов Ан-74, Илюшин Ил-76 Туполев Ту-134, Туполев Ту-154, Яковлев Як-40, Яковлев Як-42 Барлық тікұшақ түрлері

Әуе кемесінің максималды ұшу салмағы — 87 тонна. Ұшу-қону жолағының жіктеу нөмірі (PCN): 15/R/A/X/T.

Жолаушылар саны Талдықорған әуежайының жолаушылардың өсімі әдеттегідей оның танымалдылығы мен арзандығы. Немесе Талдықорғанның адам саны өсуімен бірдей болып саналады. 2015 — 24 295 адамhttp://www.kase.kz/files/emitters/ARAL/aralp_2016_rus.pdf Республика әуежайларындағы жолаушылар саны (2015 ж.). 2025 — 42 768 адам

Дереккөздер

Санат:Талдықорған Санат:Жетісу облысы әуежайлары