Украинаның әкімшілік бөлінісінің () үш деңгейі бар: 27 аймағы (24 облысы, ерекше мәртебесі бар 2 қала және 1 автономиялық республика), 136 ауданы және 1469 громадасы бар.
2020 жылдың шілде айындағы соңғы әкімшілік реформа 490 аудан мен облыстық маңызы бар 118 қаланың көпшілігін 136 ауданға біріктірді.
Қырым мен Украинаның оңтүстік-шығысын Ресей Федерациясының аннексиялауынан кейін Қырым Автономиялық Республикасы мен Ақиар, сондай-ақ Донецк, Херсон, Луганск және Запорожье облыстарының бөліктері Ресей Федерациясының де-факто басқаруына өтті. Халықаралық деңгейде көптеген мемлекеттер Ресейдің жаулауын мойындамады.
Бірінші деңгейлі бөлінісі Түсі Сипаттамасы Украина облысы — елдің ең басты бірінші деңгейлі аймағы. Украина — унитарлы мемлекет, облыстардың Украина Конституциясында және заңда белгіленгеннен басқа көп құқықтық құзыреті жоқ. Қырым Автономиялық Республикасының әкімшілік статусы Украина Ата заңының 10-Бөлімінде бекітілген. 2014 жылғы Қырым дағдарысының нәтижесінде Ресей заңсыз түрде аймақты Қырым Республикасы атауымен аннексиялады. Ерекше мәртебесі бар екі қала бар: Киев және 2014 жылдан бері аннексияланған Севастополь. Олардың әкімшілік статусы Конституцияның 9-Бөлімінде бекітілген. Облыс пен республикалар громадаларға бөлінсе, ерекше мәртебесі бар қалалар қалалық аудандарға бөлінеді.
Тізімі БайрағыЕлтаңбасы#АтауыАтауыАуданы (км2)Халқы (2021)Халық тығыздығы (адам/км2, 2021)ОрталығыАудан саныГромада саныОрналасуыborder|50x50px56x56px1ҚырымАвтономиялық РеспубликасыАвтономнаРеспубліка Крим75,43Ақмешіт10—border|150x150pxborder|50x50px60x60px2Винница облысыВінницька область57,67Винница663border|150x150pxborder|50x50px60x60px3Волынь облысыВолинська область51,00Луцк454border|150x150pxborder|50x50px50x50px4Днепропетровск облысыДніпропетровська область98,27Днепр786border|150x150pxborder|50x50px54x54px5Донецк облысыДонецька область154,63ДонецкКраматорск866border|150x150pxborder|50x50px61x61px6Житомир облысыЖитомирська область40,07Житомир465border|150x150pxborder|50x50px60x60px7Закарпатье облысыЗакарпатська область97,84Ужгород664border|150x150pxborder|50x50px55x55px8Запорожье облысыЗапорізька область61,31Запорожье567border|150x150pxborder|50x50px53x53px9Ивано-Франковск облысыІвано-Франківська область97,72Ивано-Франковск662border|150x150pxborder|50x50px62x62px10Киев облысыКиївська область63,58Киев769border|150x150pxborder|50x50px66x66px11Кировоград облысыКіровоградська область37,42Кропивницкий449border|150x150pxborder|50x50px49x49px12Луганск облысыЛуганська область79,50ЛуганскБелогоровка837border|150x150pxborder|50x50px62x62px13Львов облысыЛьвівська область114,40Львов773border|150x150pxborder|50x50px67x67px14Николаев облысыМиколаївська область45,06Николаев452border|150x150pxborder|50x50px49x49px15Одесса облысыОдеська область71,09Одесса791border|150x150pxborder|50x50px62x62px16Полтава облысыПолтавська область47,71Полтава460border|150x150pxborder|50x50px68x68px17Ровно облысыРівненська область57,29Ровно464border|150x150pxborder|50x50px61x61px18Сумы облысыСумська область44,20Сумы551border|150x150pxborder|50x50px50x50px19Тернополь облысыТернопільська область74,55Тернополь355border|150x150pxborder|50x50px59x59px20Харьков облысыХарьківська область83,84Харьков756border|150x150pxborder|50x50px53x53px21Херсон облысыХерсонська область35,72Херсон549border|150x150pxborder|50x50px66x66px22Хмельницкий облысыХмельницька область60,25Хмельницкий360border|150x150pxborder|50x50px61x61px23Черкассы облысыЧеркаська область56,38Черкассы466border|150x150pxborder|50x50px57x57px24Чернигов облысыЧернігівська область30,65Чернигов557border|150x150pxborder|50x50px52x52px25Черновцы облысыЧернівецька область110,73Черновцы352border|150x150pxborder|50x50px64x64px26КиевКиїв3530,61Киев10—border|150x150pxborder|50x50px58x58px27АқиарСевастополь446,61Ақиар4—border|150x150px
Автономиялық республика
Қырым Автономиялық Республикасы () географиялық жағынан Украинаның оңтүстігіндегі Қырым түбегінің негізгі бөлігін қамтиды. Оның астанасы — Ақмешіт. Қырым Автономиялық Республикасы — Украина құрамындағы өз конституциясы бар жалғыз аймақ.
2014 жылдың 16 наурызында Қырымды ресейлік әскерилер басып алғаннан кейін Ресей Федерациясына қосылу туралы референдум өтті. Дауыстардың көпшілігі бұл шараны қолдады. 21 наурызда Ресей Мемлекеттік думасы Қырымды Ресей Федерациясының құрамына қосуына дауыс берді. Украина үкіметі референдумды да, Қырымды аннексиялауды да заңсыз деп таниды. 27 наурызда БҰҰ Бас Ассамблеясы 68/262-қарарын 100 қарсы 11 дауыспен қабылдап, референдумды жарамсыз деп танып, Қырым мен Севастопольдің мәртебесін өзгертпей-ақ қойды.
Облыстары
Облыс () Украинаның әкімшілік бөлінісінің бірінші деңгейінде орналасқан. Көптеген облыстары өздерінің әкімшілік орталығының атымен аталған. Астаналары Луцк және Ужгород болып табылатын Волынь және Закарпатье облыстары Волынь мен Закарпатьенің тарихи аймақтарының атымен аталған.
Ерекше мәртебесі бар қалалар
Украинада екі қаланың ерекше мәртебесі () бар: Киев және Ақиар. Олардың ерекше мәртебесі оларды облыстармен бірдей әкімшілік деңгейге қояды, осылайша қалалардың атқарушы органдарын құрайтын тиісті жергілікті мемлекеттік әкімшіліктер арқылы мемлекеттің тікелей бақылауында болады.
Ресей Федерациясы Қырымды аннексиялағаннан кейін Севастополь Ресейдің басшылығында және Ресейдің федералды субъектісі ретінде біріктірілді.
Екінші деңгейлі бөлінісі
2020 жылдан бастап Украина аймақтары 136 ауданға бөлінеді.Постанова Верховної Ради України № 807-IX від 17 липня 2020 року Олар, өз кезегінде, қалалық, посёлкелік және ауылдық аумақтық громадаларға бөлінеді. Украинаның ірі қалалары қалалық аймақтарға бөлінген.
2020 жылға дейін бұл деңгей аудандар (), облыстық () және республикалық бағыныстағы қалалар () бойынша ұсынылды.
Үшінші деңгейлі бөлінісі Громадалар
Территориялық громадалар (; территориялық қауымдастық) немесе громадалар () 2015 жылы басталған әкімшілік реформаның бөлігі ретінде 2020 жылдың 12 маусымында Украина үкіметімен құрылды.
Громадалардың үш түрі бар: ауылдық (), кенттік () және қалалық (). Барлығы 1469 громада бар (2022 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша).
Ескертпелер
Дереккөздер
*