Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі — Қазақстан үкіметіне бағынатын, оның құрамына кіретін орталық атқарушы орган. Министрлік теміржол, автомобиль және ішкі су көлігі, азаматтық авиация қызметі, автомобиль жолдары салаларындағы басшылықты жүзеге асырады.

Тарихы Қазақстан тәуелсіздігінен 1994 жылғы маусымға дейін Қазақстан Көлік министрлігінің жалғыз министрі Нығметжан Есенғарин болған. 1994 жылғы маусымда министрлік Көлік және коммуникациялар министрлігі болып өзгертілді.

1999 жылғы қаңтарда министрлік Көлік, коммуникация және туризм министрлігі болып өзгертілді. Сол жылғы қазанда Көлік және коммуникациялар министрлігі қайта құрылды. 2014 жылғы тамызда министрлік ыдыратылды, оның соңғы министрі Жеңіс Қасымбек болды. Министрліктің барлық міндеті Инвестициялар және даму даму министрлігіне берілді.

2023 жылғы 1 қыркүйекте президент Тоқаев өзінің ресми жолдауында «Көлік министрлігін қайта құрған жөн» екенін айтып кетті. Келесі күні, 2 қыркүйекте Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ыдырап, президент жарлығымен жаңа құрылған Көлік министрі лауазымына Марат Қарабаев тағайындалды.

Үкіметтің 2023 жылғы 4 қазандағы №862 қаулысымен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетіне және Теміржол және су көлігі комитетіне бөлінді.

Қызметі Министрліктің ресми сайтындағы ақпарат бойынша министрліктің міндеті — «көлік инфрақұрылымы мен қызметтерін сапалы дамыту, олардың үздіксіз жұмыс істеуі және еліміздің транзиттік мүмкіндіктерін белсенді ілгерілету. Атап айтқанда, темір жол көлігі, автомобиль көлігі және су көлігі салаларын дамыту».

Комитеттері 2023 жылғы қараша бойынша Көлік министрлігінің төрт комитеті бар: Автомобиль жолдары комитеті Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті Азаматтық авиация комитеті Теміржол және су көлігі комитеті.

Қарамағындағы ұйымдар «Нұрcұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ

Министрлер тізімі №СуретіАты-жөні Қызметі ПартиясыҮкімет басшысыКөлік министрлігі (1991–1994)199pxНығметжан Есенғарин28 маусым1991маусым1994белгісізҚараманов IIТерещенкоКөлік және коммуникациялар министрлігі (1994–1999)199pxНығметжан Есенғаринмаусым1994қазан1994белгісізТерещенко299pxСерік Әлигужиновқазан1994желтоқсан1995белгісізҚажыгелдин399pxЮрий Лавриненкожелтоқсан19951997белгісізҚажыгелдин499pxЕркін Қалиев1997қыркүйек1998белгісізБалғымбаев599pxСерік Бүркітбаевқыркүйек1998қаңтар1999белгісізБалғымбаевКөлік, коммуникация және туризм министрлігі (қаңтар–қазан 1999)199pxСерік Бүркітбаевқаңтар1999қазан1999белгісізБалғымбаевКөлік және коммуникациялар министрлігі (1999–2014)199pxСерік Бүркітбаевқазан1999тамыз2000белгісізТоқаев299pxКәрім Мәсімов2000қараша2001ПартиясызТоқаев399pxАбылай Мырзахметовқараша2001сәуір2002белгісізТоқаевТасмағамбетов499pxҚажымұрат Нағыманов18 мамыр200225 мамыр2005белгісізТасмағамбетовДаниал Ахметов599pxАсқар Мамин25 тамыз200521 қыркүйек2006Нұр ОтанДаниал Ахметов699pxСерік Ахметов25 қыркүйек20063 наурыз2009Нұр ОтанДаниал АхметовМәсімов I799pxӘбілғазы Құсайынов3 наурыз20098 сәуір2011Нұр ОтанМәсімов I899pxБерік Қамалиев8 сәуір201120 қаңтар2012белгісізМәсімов I999pxАсқар Жұмағалиев20 қаңтар20127 наурыз2014белгісізМәсімов IСерік Ахметов1099pxЖеңіс Қасымбек7 наурыз20146 тамыз2014белгісізСерік АхметовМәсімов IIКөлік министрлігі (2023 бері)199pxМарат Қарабаев2 қыркүйек20238 маусым2025Аманат Смайылов IIБектенов I299pxНұрлан Сауранбаев30 маусым2025—белгісізБектенов I

Дереккөздер

К Санат:Көлік министрліктері