Әлия Маратқызы Әбсеметова (21 мамыр 1984, Қарағанды, Қарағанды облысы, Қазақ КСР) — қазақстандық мемлекет қайраткері. 2021 жылдың 15 қаңтары мен 2023 жылдың 19 қаңтары аралығында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 7-шақырылым депутаты, 2020 жылы партияішілік праймеризге қатысып, Алматы облысы бойынша бірінші орынды жеңіп алды. «Аманат» партиясының партиялық тізімінен таңдалды, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі.
Өмірбаяны 1984 жылы 21 мамырда Қарағанды қаласында дүниеге келген. Арғын тайпасының Қаракесек руының шұбыртпалы бөлімінен шыққан.Профессор Марат Әбсеметовтің қызы.
Білімі 2005 жылы «Тұран-Астана» университетін «Халықаралық экономика» мамандығы бойынша бітірген;
2016 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін журналистика мамандығы бойынша бітірді, әлеуметтік білім бакалавры;
2021 жылы Махамбет Өтемісов атындағы БҚМУ «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірді, экономика ғылымдары магистрі.
Еңбек жолы Еңбек жолын 2000 жылы аудиторлық компанияда референт болып бастады.
Әртүрлі жылдарда түс бөлу операторы, беттеуші-дизайнер, дизайн бөлімінің басшысы, жарнама агенті, модератор, өндіріс редакторы, бас редактор, жеке ЖШС басшысы қызметтерін атқарды.
2018 жылы Uzyn.kz интернет-басылымын тіркеп, 2021 жылдың қаңтарына дейін бас редактор қызметін атқарды.
Дереккөздер
Санат:Қазақстан қоғам қайраткерлері Санат:Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің VI шақырылымының депутаттары Санат:Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің VII шақырылымының депутаттары