«Ақсақ құлан» — Қазақфильм студиясында шығарылған екінші мультфильм.

Режиссёр мен сценарийші — Әмен Әбжанұлы Қайдаров.

Ізашар туынды сияқты бұл мультфильм де фольклорға негізделген, нақтысын айтқанда «Ақсақ құлан мен Жошы хан» аңызы желісімен түсірілді.

Желісі Дала аңызы бойынша, Шыңғыс ханның үлкен баласы Жошы хан құландарды аулау кезінде мерт болған. Суық хабарды ұлы ханға айтуға ешкімнің де батылы жетпеді. Қаралы хабаршыны қатал өлім жазасы күтіп тұрды. Сонда бір күйші болған жайтты домбыра әуенімен жеткізеді. Бәрін ұққан Шыңғыс хан домбыраның ішіне қорғасын құюды бұйырады. Бірақ домбыра сынбай, бәрімізге белгілі түрге келеді.

Марапаттары

1969 жылы Орта Азия республикалары және Қазақстан киноматографистерінің көрме–сайысында ең таңдаулы мультипликациялық фильм ретінде марапатталды.Қазақ мультфильмінің қарлығашы Әмен Қайдардың туындыларындағы бейнелеу кеңістігі мен кейіпкерлер

Дереккөздер

Тағы қараңыз Ақсақ құлан күйі Сілтемелер

Санат:Қазақфильм мультфильмдері Санат:1968 жылғы КСРО мультфильмдері Санат:КСРО қысқаметражды мультфильмдері Санат:Қазақ ертегілері бойынша мультфильмдер Санат:Қазақстан мультфильмдері