Эмре Белозоғлы (, лез. Эмре Белезогълуhttp://lezgi.etnosmi.ru/one_stat.php?id=23214 ; 7 қыркүйек 1980https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/5782, Ыстанбұл) — түркиялық футболшы, Түркия Ұлттық футбол құрамасының экс-жартылай қорғаушысы.

Карьерасы

Клубтық 1996 жылы 16 жасында "Галатасарайдың" негізгі құрамына ілікті. 2001 жылға дейін ойнап, бірнеше жүлдеге қол жеткізді, Түркия чемпионы және УЕФА кубогы, УЕФА суперкубогы жеңімпазы атанды.

2001 жылы жазда "Интернационалеге" ауысты. Көп ұзамай оны жергілікті жанкүйерлер "Босфор Марадонасы" деп атай бастады. 2002/03 жылғы маусым қорытындысында "Интердің" үздік футболшысы атанды. 2004 жылы Пеле оны ФИФА-100 тізіміне қосты.

2004/05 жылғы маусымда жарақаттарының кесірінен алаңға көп шыға алмады. 2005 жылы "Ньюкасл Юнайтедке" ауысқанмен, ол жақта да жарақаты кедергі болып, бар талантын ашып көрсете алмады.

2008 жылы Түркияға оралып, "Фенербахче" ойыншысы атанды.

2012 жылы 29 мамырда "Атлетико Мадрид" сапына қосылды, бірақ көбіне қосалқы құрамда қалды да, маусым ортасынан соң басқа клуб іздеуге мәжбүр болды.

2013 жылы қаңтарда "Фенербахчеге" қайта оралды.

Ұлттық құрама 2000 жылдан бері Түркия Ұлттық футбол құрамасының ойыншысы. 2006 жылғы әлем чемпионатының іріктеуінде Түркия мен Швейцария іріктеуде ойнап, Түркия жеңіліп қалды да, Эмре жанжал шығарып, соңында 6 ойынға қатыспайтын боп шеттетілді.

2002 жылы әлем чемпионатына, 2008 жылы Еуропа чемпионатына қатысты. Екеуінде де Түркия қола жүлдені иеленді.

Жетістіктері

«Галатасарай»

Түркия чемпионы: 1996/97, 1997/98, 1998/99, 1999/00 Түркия кубогы: 1995/96, 1998/99, 1999/2000 Түркия суперкубогы: 1997 УЕФА кубогы: 1999/2000 УЕФА суперкубогы: 2000

«Интер»

Италия кубогы: 2004/05

«Ньюкасл Юнайтед»

Интертото кубогы: 2006

«Фенербахче»

Түркия суперкубогы: 2009, 2014 Түркия чемпионы: 2010/11, 2013/14 Түркия кубогы: 2011/12, 2012/13

«Атлетико» Мадрид

УЕФА суперкубогы: 2012

Түркия құрамасы

Әлем чемпионатында үшінші орын: 2002 Еуропа чемпионатының жартылай финалисі: 2008

Дереккөздер

Сілтемелер Биографиясы Профилі

Санат:Түркия футболшылары Санат:Түркия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Галатасарай ФК ойыншылары Санат:Интернационале ФК ойыншылары Санат:Ньюкасл Юнайтед ФК ойыншылары Санат:Фенербахче ФК ойыншылары Санат:Атлетико Мадрид ФК ойыншылары Санат:Ыстанбұл Башахшехир ФК ойыншылары