Нильс Густав Дален (; 30 қараша 1869, Стенсторп, Швеция — 9 желтоқсан 1937, Лидинго, Швеция) — швед өнертапқыш, AGA компаниясының негізін қалаушы, 1912 жылы «маяктар мен буйлар <i>(қалқымалардағы)</i> жарық көздері үшін газ аккумуляторларымен бірге қолданылатын автоматты реттегіштерді ойлап тапқаны үшін» физика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты.

Дален магистр және докторлық дәрежелерін Чалмерс технологиялық университетінде алды. Даленнің ең танымал өнертабысы — AGA компаниясының маяктарын мүмкін еткен күн клапаны. 1912 жылы Дален газ жарылысынан соқыр болып қалды. Сол жылы оған физика бойынша Нобель сыйлығы берілді. Бұл сыйлық ішінара жанашырлықпен берілді деген қауесет тудырды.

Соқырлығына қарамастан, Даллен 1937 жылға дейін AGA-ның басында болды.

Нобель сыйлығының Далленге берілуі кейде күмән тудырды, бірақ іс жүзінде бұл Альфред Нобель өсиетінің() жалпы шарттарына сәйкес келеді. Дален өте жарқын жарық алу үшін ацетилен химиясы бойынша зерттеулер жүргізді, газды қауіпсіз сақтау әдістерін әзірледі, сонымен қатар кешкі уақытта маяктар мен қалқымаларды қосып, таңертең өшіретін арнайы клапан жасады. Бұл әсіресе Швецияның ұзын теңіз жағалауында маяктарды ұстауға көп ақша үнемдеуге мүмкіндік берді.

Сілтемелер Нобель комитетінің сайтынан ақпарат

Санат:Швед корольдік ғылым академиясының мүшелері Санат:Физикадан Нобель сыйлығының иегерлері Санат:Физиктер Санат:Швеция физиктері