Елубай Бәзімұлы Тайбеков (15 мамыр 1901, Сабынды ауылы, Ақмола уезі, Ақмола облысы — 19 қаңтар 1991) — Кеңестік партия әрі мемлекет қайраткері, 1951-1955 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы болды. Арғын тайпасының Қуандық руының Темеш тармағынан шыққан.
Өмірбаяны 11 жасынан бастап байдың қол астында шопан болып істеді. 1922-1924 жылдары Орынбор малдәрігерлік техникумында, 1924-1926 жылдары Орынбор орта қолбасшылық құрамы жұмысшы-шаруа милиция училищесінде оқыды. 1926 жылы БК(б)П қатарына қабылданды.
1926-1930 жылдары Қостанай округінде: аймақтық әкімшілік бөлімі бастығының орынбасары (1926-1927), округ прокурорының орынбасары (1927-1928), БК(б)П Обаған аудандық комитетінің жауапты хатшысы (1928-1929), Қарабалық қоныстандыру партиясының бастығы (1929), аймақтық әкімшілік бөлімінің бастығы (1929-1930) болып жұмыс атқарды.
1930-1935 жылдары К.А.Тимирязев атындағы Ауыл шаруашылығы академиясында оқыды, одан кейін 1935-1942 жылдары Қазақ ауыл шаруашылығы институтында сабақ берді (ассистент, аға оқытушы, декан, директордың орынбасары). Экономика ғылымдарының кандидаты (1940).
1942-1958 жылдары — партиялық және мемлекеттік қызметте:
1942 жылы — Қазақ КСР Жер шаруашылығы халық комиссариаты саяси бөлімі бастығының орынбасары; 1942 жылдан бастап — екінші, 1944-1948 жылдары — Қазақстан КП Ақтөбе облыстық комитетінің бірінші хатшысы; 1950 жылы БК(б)П ОК қарамағындағы қайта даярлау курстарын бітірді; 1950-1951 жылдары — Қазақстан КП Ақмола облыстық комитетінің бірінші хатшысы; 1951-1955 жылдары — Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы; 1955 жылдың сәуірі – 1958 жылдың қаңтары — Шығыс Қазақстан облыстық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы.
1957-1977 жылдары – ғылыми және оқытушылық қызметте:
1957 жылы — Қазақ мал азығы және жайылымдар ғылыми-зерттеу институтының директоры, 1957-1961 жылдары — Қазақ КСР Ғылым академиясының экономика және ауыл шаруашылығын ұйымдастыру бөлімінің академик-хатшысы, 1961-1963 жылдары — Қазақ ауыл шаруашылығы институтының ректоры, кейін кафедра меңгерушісі, доцент.
КОКП ХІХ съезінің делегаты (1952); КОКП ОК мүшесі (1952-1956). КСРО Жоғарғы Кеңесі Одақ Кеңесінің (Қазақ КСР атынан) үшінші (1950-1954) және төртінші (1954-1958) шақырылым депутаты болып сайланды.
1977 жылы зейнеткерлікке шықты; одақтық маңызы бар жеке зейнеткер.
Таңдамалы шығармалары Салюков П. А., Самохвалов А. М., Сабиров М. С. и др. Пути расширения кормовой базы в Казахстане / Под общ. ред. акад. Е. Б. Тайбекова. — Алма-Ата : Казгосиздат, 1959. — 389 с.
Әдебиет Ашимбаев Д. Р. Кто есть кто в Казахстане. Биографическая энциклопедия. Алматы, 2008
Дереккөздер
Санат:Шығыс Қазақстан облыстық атқару комитетінің төрағалары Санат:Қазақстан КП Ақтөбе облыстық комитетінің екінші хатшылары Санат:Қазақстан КП Ақтөбе облыстық комитетінің бірінші хатшылары Санат:Қазақстан КП Целиноград облыстық комитетінің бірінші хатшылары Санат:КОКП XIX съезінің делегаттары Санат:КОКП ОК мүшелері Санат:Одақ Кеңесі 3-шақырылымының депутаттары Санат:Одақ Кеңесі 4-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР округтарынан сайланған Одақ Кеңесінің депутаттары Санат:Одақтық маңызы бар жеке зейнеткерлер Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 2-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 3-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 4-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 7-шақырылымының депутаттары