Роман Тарасович Ратушный (; 5 шілде 1997, Киев – 9 маусым 2022, Сулиговка, Изюм ауданы, Харьков облысы) — украиналық қоғам қайраткері, журналист, Еуромайдан мен Орыс-украин соғысына қатысқан әскери волонтёр.
Өмірбаяны Ратушный 1997 жылғы 5 шілдеде Киевте «Ескі Киевті сақтаймыз» қоғамдық қозғалысының белсендісі Тарас Ратушныйдың және 2008 жылы украин әдебиетінің секс-символы айтылған жазушы және ақын Светлана Поваляеваның отбасында дүниеге келген.
Ратушный заңгер мамандығын алды. 2018 жылы ол қоғамдық ұйымға айналған «Протасов ярды қорғау» қоғамдық бастамасын басқарды. Роман басқа белсенділер сияқты Протасов Ярдағы жасыл аймақты сақтап, көпқабатты үйлердің салынуына жол бермеуді көздеген. 2020 жылы Киев қалалық кеңесі бұл аумаққа жасыл аймақ мәртебесін қайтарды.
2020 жылғы жергілікті сайлауда Роман Ратушный Киев қалалық кеңесінің депутаттығына «Удар» партиясынан үміткер болды, бірақ Виталий Кличконың партиясының мүшесі болмаған.
Ратушный да одессалық белсенді Сергей Стерненконы қолдау митингісінің қатысушысы болды. Ол президент кеңсесінің ғимаратына жанып тұрған алауды лақтырып, қасбетін бүлдірді деген күдікке ілінді.Киев попрощался с погибшим на войне с Россией активистом Романом Ратушным
Жауынгерлік жолы Ресейдің толыққанды шабуылынан кейін Ратушный Украина Қарулы күштері қатарында ерікті болды. Ол алдымен Киевті қорғады, кейін Сумы облысында әрекет етті, өлкенің елді мекендерін қорғауға қатысты.
Сәуір айының басынан бастап Ратушный Харьков облысында, атап айтқанда Изюм ауданында Украина Қарулы Күштерінің «Холодный Яр» 93-жекеленген механикаландырылған бригадасының 2-мотоатқыштар батальонының барлау взводында шайқасты.Был рисковым и боролся за Украину: что известно о погибшем активисте Романе Ратушном
Роман кез келген жекпе-жекте әрқашан бірінші болды және ешқашан қорқыныш көрсетпеді. Ол өзінің соңғы шайқасында жауынгерлік топтың құрамында барлау патрульінде болып, 9 маусымда жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде қаза тапты. 5 шілдеде Роман 25 жасқа толуы керек еді.Ему было всего 24 года и он всегда был смелым: в боях под Изюмом погиб известный активист Ратушный https://ua.vesti.news/onfvmpgtyodpdpebgtyodebvmtnyomnvptsrpeuiyanpn22061413060014.htmПод Изюмом погиб общественный активист Роман Ратушный https://news.rovno.ua/post2733343 Известный активист Роман Ратушный погиб на фронте https://glavnoe.in.ua/news/n357088385-izvestnyj-aktivist-roman-ratushnyj-pogib-na-fronteНа фронте погиб киевский активист Роман Ратушный https://ukranews.com/news/862861-na-fronte-pogib-kievskij-aktivist-roman-ratushnyj
Ратушный өзінің достары мен әріптестері үшін үлгі болды: принципті, әдепті және билікті теріс пайдалануларға қарсы тұру арқылы өз елін өзгертуге бел байлады. Ол Украинаның азаматтық қоғамының өміршеңдігін бейнеледі.
Дереккөздер
Санат:Украина қоғам қайраткерлері Санат:Украина журналистері Санат:Украина әскерилері Санат:Ресейдің басып кіруінен Украина қорғанысы қатысушылары (2022)