Зенага — Мавритания аумағында тұратын жалпы саны 25 мың адамнан тұратын ұлт.Современная энциклопедия - зенага http://www.terminy.info/literature/modern-encyclopedia/zenaga

Тілі Олар зенага тілінде, көбісі араб тілінде сөйлейді.Современная энциклопедия https://dic.academic.ru/dic.nsf/enc1p/18602

Діні Дінге сенушілердің діни байланысы: сүнниттік мұсылмандар.Значение слова ЗЕНАГА в Современном энциклопедическом словаре https://slovar.cc/enc/sovremenniy/1839318.html

Кәсібі Дәстүрлі кәсібі – көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы (зебу, қой, ешкі), оазистерде – егіншілік ( құмай, күріш, жүгері, құрма), керуен саудасы. Былғары бедерлеу, кілем тоқу өнері дамыған (геометриялық қызыл-қара-жасыл оюлары бар жеңіл кілемдер басым).Народы и культуры З https://travel-journal.ru/ethno/36/286/

Өмір салты Дәстүрлі қоғамдық құрылым XX ғасырдың ортасына дейін сақталды. Ақсақалдар кеңесі бар.

Қоныстары ықшам орналасқан. Тұрғын үйлері төртбұрышты, шикі тастан қаланған, шатыры тегіс, ауласы бар. Көшпелілер лашықтарда немесе құрғақ бұтақтардан жасалған күмбезді шалаштарда тұрады.

Дәстүрлі киімдері – жеңі қысқа ақ түсті кең және ұзын көйлек, басына сәлде, аяғына сандалдар киеді. Мереке күндері – қара кестелі шалбар, иілген ұштары бар аяқ киім, тұмар, әйелдер - қара кең көйлек киіп, аяқ пен қолдарына зергерлік бұйымдар тағады.

Тағам – ащы соус қосылған бәліштер, пісірілген ет, томат соусында пісірілген қамыр (кус-кус), көкөністер, құрма.народы мира / Зенага http://www.etnolog.ru/people.php?id=ZENA

Дереккөздер

Санат:Мавритания халықтары